Архивация и депонирование

«Шәкәрім университетінің хабаршысы. Филология сериясы» журналында жарияланған барлық мақалалар мен шығарылымдар журналдың ресми сайтындағы «Архив» бөлімінде электрондық форматта сақталады және ашық қолжетімділікте ұсынылады.

Жарияланған материалдардың ұзақ мерзім сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мақала файлдары мен олардың метадеректерінің резервтік көшірмелері жүйелі түрде жасалады. Техникалық ақаулар туындаған жағдайда электрондық архивті қалпына келтіру шаралары қарастырылған.

Авторларға мақаланың жарияланған нұсқасын институционалдық және коммерциялық емес репозиторийлерде орналастыруға рұқсат етіледі. Материалды орналастыру кезінде жарияланымның толық библиографиялық деректері, DOI идентификаторы және журналдың ресми сайтындағы түпнұсқа нұсқасына сілтеме міндетті түрде көрсетілуі тиіс.