С. СОММЬЕНІҢ «UN’ESTATE IN SIBERIA» (1885) ЖОЛЖАЗБАСЫНДАҒЫ ОРАЛ СЫРТЫ МЕН ДАЛАЛЫҚ ШЕТКЕРІ АЙМАҚТАРДЫҢ БАЙЫРҒЫ ЭТНОСТАРЫ

Авторлар

  • Дамир Дюсекенев Alikhan Bokeikhan University Автор
  • Сарбиназ Алексеева Горно-Алтайск мемлекеттік университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.53360/3080-387X-2026-1-3(7)-%25p

Кілт сөздер:

Стефано Соммье, жолжазба, имагология, Сібір, байырғы халық, отаршылдық, империялық инфрақұрылым, позитивизм, умбертиндік Италия

Аңдатпа

Мақалада Стефано Соммьенің «Un’estate in Siberia...» (1885) жолжазбасының Флоренцияда жарық көрген түпнұсқалық басылымы негізінде Ресей империясының Сібір, Орал және дала шеткері аймақтарындағы байырғы халықтарды итальяндық қабылдау ерекшеліктері зерттеледі. Зерттеудің эмпирикалық негізін 85 байланыс көрінісін жүйелеу құрайды, бұл Соммьенің аймақтағы әртүрлі этникалық топтарды: ханттарды, ненецтерді, коми-зыряндарды, татарларды, қазақтарды және башқұрттарды қабылдауының сараланған құрылымын қайта жаңғыртуға мүмкіндік береді. Жолжазбадағы этнографиялық бейнелер далалық зерттеудің прагматикалық жағдайлары, ғылыми міндеттердің сипаты және деректерді жинау үдерісіне империялық әкімшіліктің қатысу дәрежесі ықпалымен қалыптасқаны көрсетіледі. Имагологиялық талдау авторлық оптикадағы мәдени алшақтаудың градациясын анықтайды: антропометриялық өлшеулер кезіндегі ханттарға деген инструменталды қатынастан және ненецтерден санитарлық-визуалдық дистанцияланудан бастап, қазақтардың фискалдық жасырынуына және қазан татарларының мәдени жүйесінің тұрақтылығын мойындауға дейін. Саяхатшының зерттеу қызметін қамтамасыз етудегі шенеуніктердің, казактардың және жергілікті элита өкілдерінің рөліне ерекше назар аударылады. Соммье құрастырған «Өзге» бейнелері стереотиптік нәсілдік классификацияларды механикалық түрде жаңғыртудың нәтижесі емес, нақты байланыс көріністері мен сапардың институционалдық контексінің жағдаяттық өнімі болғаны туралы қорытынды жасалады.

5 7

Автор өмірбаяндары

  • Дамир Дюсекенев, Alikhan Bokeikhan University

    PhD, Alikhan Bokeikhan University, Қазақстан Республикасы, Семей, е-mail: dyusekenev81@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/0009-0000-4821-3636.

  • Сарбиназ Алексеева, Горно-Алтайск мемлекеттік университеті

    кіші ғылыми қызметкер, Горно-Алтайск мемлекеттік университеті, Ресей Федерациясы, Алтай Республикасы, Горно-Алтайск, е-mail: sarbinaz.eisengrain@gmail.com, ORCID: https://orcid.org/0009-0006-6296-8895.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30