Политика открытого доступа
«Шәкәрім университетінің хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналының ресми сайты журнал санының мазмұнына ашық қол жетімділікті қамтамасыз етеді. Бұл журналға әлемдік ғылыми қоғамдастық ауқымында кеңірек ақпараттық қол жетімділікті қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, журналдың веб-сайтында авторлар мен оқырмандар үшін жариялау шарттары, журналға қолжазбаларды ресімдеу және ұсыну Ережелері, журналды қалыптастыру және қолжазбаларды рецензиялау тәртібі, жариялау этикасы, редакциялық алқа туралы мәліметтер, ғылыми редакторлардың байланыс деректері туралы толық ақпарат берілді.
Оқырмандар мен авторлар журналдың ағымдағы басылымының электрондық нұсқалары және алдыңғы сандарының мұрағаттармен таныса алады. Журналдың барлық жарияланымдары электронды түрде тегін және шектеусіз таратылады.