Цель и задачи
Журналдың миссиясы - лингвистика, әдебиеттану, тіл және әдебиетті оқыту әдістемесі саласында қол жеткізген жаңа жетістіктерді жариялау; Қазақстанның мемлекеттік, ғылыми әлеуеті ретінде филология саласын жаңа қырынан зерттеудің қазіргі заманғы проблемаларын өзектендіру, ғылыми жетістіктер мен инновациялық нәтижелерді жариялау.
Журналдың мақсаты – лингвистика, әдебиеттану, тіл және әдебиетті оқыту әдістемесінің өзекті мәселелерін отандық және халықаралық қауымдастықтарда талқылап, ғылыми-практикалық маңызды зерттеу нәтижелерін жариялау үшін шығармашылық пікірталас алаңын құру.
Журналдың міндеттері:
- лингвистика саласы бойынша зерттеу нәтижелерін ұсыну;
- әдебиеттану саласы бойынша зерттеу нәтижелерін ұсыну;
- тіл және әдебиетті оқыту әдістемесі бойынша зерттеу нәтижелерін ұсыну;
- лингвистика, әдебиеттану, тіл және әдебиетті оқыту әдістемесі саласындағы жаңа зерттеулер арқылы ғылымға үлес қосу;
- журналдың тақырыптық бағыты бойынша жетекші ғалымдар мен білікті мамандарды рецензиялау процесіне тарту;
- мақаланы редакциялық өңдеу кезеңдерін сапалы және ықшам етіп ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
- ғылыми журналды «ашық қолжетімділік» (Open access) басылым ретінде дамыту.