Журнал туралы
Журналдың атауы: «Шәкәрім университетінің хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы
Құрылтайшысы: «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ
Басылым Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Тіркеу сертификаты №KZ04VPY00086190, берілген күні: 26 қаңтар 2024жыл.
Тақырыптық бағыты: филология (лингвистика, әдебиеттану, тіл және әдебиетті оқыту әдістемесі)
Жарияланым тілдері: қазақ, ағылшын, түрік, орыс тілдері
Мерзімділік: жылына 4 рет
«Шәкәрім университетінің хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы (бұдан әрі-журнал) 1997 жылдан бастап жарық көрді. Ғылыми қызметкерлерге, оқытушыларға, магистранттарға, докторанттарға, студенттерге арналған. Журналдың құрылтайшысы және баспагері - «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ (бұдан әрі — Шәкәрім университеті).
Журналдың мақсаты – филология ғылымының дамуына ықпал ету, сондай-ақ ғалымдар мен зерттеушілер арасында ашық ғылыми пікірталас алаңын қалыптастыру. Басылымда тіл мен әдебиеттің өзекті мәселелеріне арналған, ғылыми жаңалығы бар зерттеу нәтижелері жарияланады.
Журнал бекітілген және стандартқа сай әзірленген мұқабасы мен титулдық бетке ие. Онда университеттің атауы, журнал шығарылымының деректері, ISSN нөмірі, редакциялық алқа құрамы, редакциялық саясат, жарияланым этикасы және ресми веб-сайт көрсетілген.
Жарияланған мақалалар CrossRef мәліметтер базасында тіркеліп, әр авторлық материалға DOI (сандық нысан идентификаторы) беріледі. Бұл ғылыми еңбектерге сілтеме жасау мен оларды іздеуді жеңілдетеді.
Редакциялық алқа құрамына Қазақстан мен шет елдердің жетекші ғалымдары кіреді.
Журнал ақпараттық ашықтық принципін ұстанады: авторлық мақалалардың толық мәтіні төрт тілде журналдың ресми сайтында еркін қолжетімді форматта орналастырылады.