М. МАҒАУИННІҢ «ЖАРМАҚ» РОМАНЫНДАҒЫ ШИЗОИДТЫ КЕЙІПКЕР БЕЙНЕСІ ЖӘНЕ «ШИЗОФРЕНИКАЛЫҚ ДИСКУРС»

Авторлар

  • Жанбота Секей Shakarim University Автор

Кілт сөздер:

шизоидты кейіпкер, ішкі «мен», екіге жарылу, жатсыну, нарратив, шизофреникалық дискурс

Аңдатпа

Мақалада М. Мағауиннің «Жармақ» романындағы шизоидты кейіпкер бейнесі шизофреникалық дискурс аясында қарастырылады. Мақаланың мақсаты – туындыдағы тұлғаның екіге жарылуы, ішкі «мен», бұйығылық, интеллектуализация құбылыстарының көркемдік репрезентациясын айқындап, олардың баяндау құрылымын анықтау. Зерттеуде нарратологиялық, дискурсивтік талдау, контент-талдау әдістері қолданылды. Сонымен бірге сапалық-сандық тәсіл арқылы шизоидты белгілердің мәтіндегі жиілігі мен тұрақтылығы анықталды.

Зерттеу нәтижесінде романдағы шизоидты кейіпкер бейнесі тек психологиялық күйде ғана емес, нарративтік құрылым, фрагментті баяндау, ішкі монолог, уақыт пен шындықтың субъективтенуі арқылы іске асырылатыны анықталды. Сонымен бірге «дертке шалдыққан өркениет» жағдайындағы адам болмысының шекаралары жөніндегі экзистенциалдық мәселелер де назардан тыс қалмады. Романның бас кейіпкерлері – Мұрат пен Марат арасындағы қостұлғалық оппозиция тұлғаның екіге жарылуын, қазіргі қоғамдағы құндылықтар дағдарысы мен сананың ішкі қақтығысын бейнелейтін концептуалдық модель ретінде негізделді.

Зерттеудің ғылыми маңыздылығы қазақ әдебиетінде шизоидты кейіпкер мен «шизофреникалық дискурсты» теориялық тұрғыда кешенді зерделеумен айқындалады. Ал тәжірибелік құндылығы әдебиеттану, нарратология, психологиялық проза мәселелерін оқытуда, сонымен бірге қазіргі қазақ прозасын интерпретациялауда қолданысқа ие. Зерттеу қорытындылары сөз өнеріндегі маргиналды сананы зерделеуде және заманау қазақ әдебиетін оқыту тәжірибесінде қолдануға негіз бола алады.

0 0

Автор өмірбаяны

  • Жанбота Секей, Shakarim University

    филология ғылымдарының кандидаты, қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, Шәкәрім университеті, Қазақстан Республикасы, Семей, е-mail: janbota2010@mail.ru, Orcid: http://orcid.org/0000-0002-0984-7860

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 83

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.