БОРИС АКУНИН МЕН УМБЕРТО ЭКО ПОСТМОДЕРНИЗМІНДЕГІ СИМВОЛДЫҚ КОД
Кілт сөздер:
постмодернизм, символ-код, детектив, заманауи әдебиет, мәтін, интертекстуалдылық.Аңдатпа
Мақалада Борис Акуниннің «Перед концом света» әңгімесі мен Умберто Эконың «Имя розы» романы арасындағы параллель қарастырылады. Ойын, ирония, интертекстуалдылық сияқты постмодернизм элементтерін пайдалана отырып, Б. Акунин белгілі постмодернист У. Эконың романын шебер түрде пародиялайды. Мақалада екі шығарманың образдары, символдары мен сюжеттік желілері талданып, символ-бейнелер мен символ-кодтардың мәні ашылады. «Бөгде» авторлық кодтың екіншілік мәтінде философиялық деңгей қалыптастыруға ықпал ететіні, сол арқылы туындының идеялық мазмұнын күрделендіріп, оны бұқаралық әдебиет шеңберінен шығаратыны жөнінде қорытынды жасалады.
Зерттеу нысаны ретінде аталған шығармалардың мәтіндері алынды, ал пәні – баяндаудың философиялық қабатын қалыптастыратын образдар, символдар, сюжеттік параллельдер мен мәдени кодтар жүйесі. Жұмыстың әдіснамалық негізін салыстырмалы-типологиялық, интертекстуалдық, мәдени-семиотикалық және мифопоэтикалық талдау әдістері құрайды.
Зерттеу барысында Акунин постмодернистік поэтиканың ойын, ирония, қос кодтау, аллюзивтілік сияқты элементтерін жай еліктеу ретінде емес, «бөгде» мәтінді көркемдік тұрғыдан қайта өңдеу тәсілі ретінде қолданатыны анықталды. Экоға қатысты пародиялық стратегия дербес мағыналық құрылым жасаумен ұштасып, символ-бейнелер мен символ-кодтар детективтік сюжеттің философиялық тереңдеуіне қызмет етеді. Сыртқы тартымдылықтың астарында «әлем – мәтін» қағидасына негізделген көпқабатты семиотикалық модель жасырынғаны айқындалды.
Зерттеудің ғылыми маңызы – қазіргі орыс прозасындағы интертекстуалдылықтың рөлін нақтылау және бұқаралық пен элитарлық әдебиет шекараларын кеңейту. Практикалық құндылығы – нәтижелерін әдебиет теориясы, салыстырмалы әдебиеттану және постмодернизм тарихы курстарында пайдалануға болатындығында.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Журналдың редакциясы Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңын және тиісті халықаралық шарттарды басшылыққа алады. Авторлар өздерінің авторлық құқықтарын сақтайды және «Шәкәрім университетінің хабаршысы. «Тарих ғылымдары сериясы» журналына қолжазбаның алғашқы жариялану құқығығын береді. Автор журналға тиісті сілтеме жасаған жағдайда материалды кез келген тасымалдағышта және кез келген форматта көшіруге және таратуға құқылы. Оқырмандар мен пайдаланушылар жұмыстың авторы көрсетілген және осы журналға сілтеме берілген жағдайда материалды еркін көшіріп, тарата және қолдана алады. Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді. Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді.
Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.