ШӘКӘРІМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ЖАСАЛҒАН ЭКСПЕДИЦИЯЛАР: ӘДЕБИ ДИСКУРС ПЕН ҰЛТТЫҚ РЕПРЕЗЕНТАЦИЯ МӘСЕЛЕСІ

Авторлар

  • Мейрамгүл Қайрамбаева Абайдың «Жидебай-Бөрілі» тарихи, мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы Автор

Кілт сөздер:

Шәкәрім Құдайбердіұлы, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті, экспедициялық дискурс, әдеби репрезентация, мәдени жад теориясы, этнографиялық мәтін, ұлттық нарратив.

Аңдатпа

Мақалада Шәкәрім Құдайбердіұлы тұлғасы ХХ ғасырдың 20–30 жылдарында қазақ жеріне жасалған ғылыми экспедициялар контекстінде әдебиеттану тұрғысынан қарастырылады. Зерттеу нысаны ретінде Ф.А. Фиельструп, М. Кучинский және басқа да зерттеушілердің экспедициялық жазбалары, сондай-ақ Шәкәрімнің тарихи-этнографиялық мазмұндағы шығармалары алынды. Жұмыстың мақсаты – экспедициялық мәтіндер мен Шәкәрім шығармалары арасындағы дискурстық байланысты айқындау, ұлттық болмыстың мәтіндік репрезентациясын талдау және авторлық позицияның мәдени жад қалыптастырудағы рөлін анықтау. Зерттеу барысында тарихи-салыстырмалы, мәтінаралық талдау, дискурстық интерпретация және мәдени жад теориясы әдістері қолданылды. Нәтижесінде Шәкәрімнің экспедици Нуркадырова я мүшелері үшін жай ғана ақпарат беруші емес, қазақ қоғамының дәстүрлі дүниетанымын, салт-санасын, тарихи тәжірибесін жүйелеп түсіндіруші интеллектуал тұлға болғаны дәлелденді. Экспедициялық материалдарда қазақтың шаруашылық жүйесі, әлеуметтік құрылымы, отбасылық ғұрыптары, аңшылық мәдениеті сипатталса, Шәкәрім шығармаларында осы құбылыстар ұлттық-рухани концепт деңгейінде көркемдік пайыммен беріледі. Бұл екі түрлі мәтіндік қабаттың тоғысуы ұлттық мәдениеттің сыртқы ғылыми дискурс пен ішкі әдеби дискурс арасындағы байланысын көрсетеді. Зерттеу нәтижелері қазақ әдебиетін этнографиялық дереккөздермен сабақтастыра қарастырудың ғылыми маңызын айқындайды және Шәкәрім мұрасын мәдени-антропологиялық тұрғыдан зерттеудің өзектілігін негіздейді.

0 0

Автор өмірбаяны

  • Мейрамгүл Қайрамбаева, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» тарихи, мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы

    Қайрамбаева Мейрамгүл Сейітжапаровна –  Абайдың «Жидебай-Бөрілі» тарихи, мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы, Қазақстан Республикасы, Семей, e-mail: asyl-mira@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/0000-0003-2983-7720.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 80

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.