ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ БУДАН ТЕРМИНДЕР: ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ЖІКТЕУ ӨЛШЕМДЕРІ

Авторлар

  • Ақжібек Ахмет Шәкәрім университеті Автор
  • Илшат Насипов М. Акмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.53360/3080-387X-2026-1-3(7)-%25p

Кілт сөздер:

будан термин; лексикалық будандастыру; қазақ терминологиясы; кірме сөз; морфологиялық бейімделу; сөзжасам; терминография.

Аңдатпа

Мақалада қазақ тіліндегі будан терминдердің теориялық негіздері және оларды кірме терминдер мен морфологиялық тұрғыдан игерілген кірме сөздерден ажырату өлшемдері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – этимологиялық әртектілік, сөзжасам және арнаулы ұғымды атау арасындағы байланысты нақтылап, «будан» және «гибрид» атауларының арақатынасын терминтанымдық тұрғыдан түсіндіру. Зерттеуде ғылыми әдебиеттерге сыни шолу жасау, салыстырмалы және құрылымдық-семантикалық талдау әдістері қолданылды. Материал ретінде қазақ және өзге тіл біліміндегі теориялық тұжырымдар мен сол еңбектерде келтірілген тілдік мысалдар алынды. Салыстыру барысында пікір алшақтығын туғызатын үш мәселе айқындалды: кірме негізге төл қосымша жалғанған тұлғалардың мәртебесі; өзге тілде жасалып, дайын күйінде қабылданған атаулардың жіктелуі; морфологиялық құрылым мен терминдік қызметтің арақатынасы. Ағылшын, неміс, француз, түрік және орыс тіл біліміндегі бағыттар қазақ терминтануының дамуымен сабақтастырыла қарастырылды. Талдау нәтижесінде компоненттің шығу тегін, атаудың жасалу тарихын, құрылымдық үлгісін, тілге игерілу дәрежесін және арнаулы қызметін жеке сипаттау қажеттігі негізделді. Осыған сәйкес қабылдаушы тілде жасалған будан терминдер, шығу тегі будан кірме терминдер және кірме негізден жасалған туынды тұлғалардың шекаралық тобы ажыратылды. Тарихи талдау аталған айырмашылықтарды қазақ тіліндегі аудару және бейімдеу тәжірибесімен байланыстырады. Ұсынылған үлгі терминографиялық сипаттаманы біріздендіруге бағытталған; ол тәжірибемен расталған жіктелім немесе будан терминдердің жиілігін жаңадан есептеу нәтижесі ретінде ұсынылмайды.

33 5

Автор өмірбаяндары

  • Ақжібек Ахмет, Шәкәрім университеті

    PhD, Шәкәрім университеті Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы, Семей, е-mail: a.nurlankyzy@shakarim.kz, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-9464-0070.

  • Илшат Насипов, М. Акмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті

    филология ғылымдарының докторы, профессор, М. Акмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті, Ресей Федерациясы, Уфа, е-mail: nasipov2021@yandex.ru, ORCID: https://orcid.org/0000-0001-7611-3026.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 99

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.