АҒЫЛШЫН ТІЛІН ШЕТ ТІЛІ РЕТІНДЕ ОҚЫТУДА МЕДИАМӘТІНДЕРДІ ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.53360/3080-3861-2026-1(5)-22Кілт сөздер:
медиамәтіндер, түпнұсқалық материалдар, орта мектеп оқушылары, айтылым дағдылары, сөздік қорын меңгеру, бұқаралық ақпарат құралдары.Аңдатпа
Бұл мақалада ағылшын тіліндегі медиамәтіндерді, нақтырақ айтқанда, жаңалық жайлы мәтіндерді, 11 сынып оқушыларына ағылшын тілін оқыту үдерісінде қолдану тәжірибесі қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты оқушылардың лексикалық құзыреттілігі мен айтылым дағдыларын дамытуға бағытталған. Мақала шеңберінде аталмыш оқыту әдістемесінің тиімділігін анықтау мақстаында алдын ала және кейінгі тестілеу жұмыстары жүргізілді. Мақаланың мақсаты медиамәтіндермен жүйелі жұмыс жасау оқушылардың белсенді сөздік қорын кеңейтуге қаншалықты ықпал ететін анықтау. Зерттеу әдісі ретінде оқыту кезеңіне дейін және кейін алынған тест нәттижелеріне сандық талдау жүргізілді. Кейінгі тестілеу нәтижелері оқушылардың лексикалық білімінін бір деңгейге артқанын көрсетті. Бұл нәтижелер медиамәтндерді ағылшын тілін шетел тілі ретінде оқыту курсына енгізудің тиімді екенін және сөздік қор мен айтылым дағдыларын жақсартуына оң әсер ететінін көрсетті.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Дильназ Нургалиева, Жібек Калимова (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді.
Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.