«АЙМАН-ШОЛПАН»: ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ДӘСТҮР МЕН ЖАҢА КӨЗҚАРАСТАРДЫҢТОҒЫСЫ
DOI:
https://doi.org/10.53360/3080-3861-2026-2(6)-12Кілт сөздер:
жыр, мәтін, сюжет, мотив, образ, фольклор, батыр.Аңдатпа
Мақалада «Айман-Шолпан» жырының XIX–XXI ғасырлар аралығында қалыптасқан ғылыми
көзқарастар жүйесі жан-жақты талданады. Зерттеушілердің жыр жанрына берген анықтамалары әр кезеңде
өзгеріп, оны лиро-эпос, ғашықтық жыр, балладалық жыр, тарихи эпикалық поэма, дастан ретінде түрлі
қырынан түсіндіргендігі айқындалады. Жырдың бір ғана нұсқасының сақталғаны, оның Қазан баспаларында
бірнеше рет жарияланғаны атап көрсетіледі. С.А. Қасқабасов, М. Ғабдуллин, Қ. Жұмалиев, М.О. Әуезов,
М.Ақынжанов сынды ғалымдардың жыр туралы негізгі тұжырымдары салыстыра қарастырылып, олардың
жырды жанрлық, тарихи, поэтикалық тұрғыдан талдаудағы ерекшеліктері ашылады. Әсіресе жырдағы
кейіпкерлер табиғатын түсіндірудегі қайшылықты көзқарастар (Көтібар бейнесі, Айманның жаңа типтегі әйел
кейпі, ескі мен жаңаның тартысы) ғылыми тұрғыдан жүйеленеді. Мақалада жырдың тарихи негізі,
композициялық құрылымы, кейіпкерлердің әлеуметтік-идеялық жүктемесі, сондай-ақ жырдың фольклорлық
дәстүр мен жаңа замандық сипаттың тоғысында тұрған шығарма ретінде бағалануы негізгі назарда болады.
Зерттеу нәтижесінде «Айман-Шолпан» жырының жанрлық табиғатының күрделілігі, оның әр кезең
ғалымдарының пікірінше көпқабатты эпикалық туынды ретінде танылғаны дәлелденеді. Сонымен қатар,
«Айман-Шолпан» жыры тек көркем туынды ғана емес, халықтың рухани-мәдени жадын сақтаушы, эстетикалық
талғамы мен моральдық құндылықтарын жеткізуші қызмет атқаратыны көрсетіледі. Зерттеу нәтижелері қазақ
фольклоры мен жазба әдебиетінің өзара сабақтастығын тереңірек түсінуге, сондай-ақ, әдеби-теориялық
тұрғыдан жүйелеуге мүмкіндік береді.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Сандуғаш Кәдірханова, Пакизат Әуесбаева, Сейілбек Сакен (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді.
Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.