ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ АНТРОПОМОРФТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР

Авторлар

  • Еркежан Берікболова "Шәкәрім университеті" КеАҚ Автор
  • Карлыгаш Аубакирова "Шәкәрім университеті" КеАҚ Автор

DOI:

https://doi.org/10.53360/3080-3861-2025-1(1)-7

Кілт сөздер:

нарратология, антропоморфты кейіпкер, баяндау, цензура, символ.

Аңдатпа

Бұл мақалада нарратология ұғымы мен термині туралы теориялық мәліметтеркөрсетіліп, антропоморфты кейіпкерлерге қатысты ғылыми – әдістемелік талдаулар жасалған.Баяндау әдісі туралы жүйелі түрде ақпарат беріліп, нарратология мәселесі сөз болады. Зерттеу мақаласында бірнеше жазушының баяндау шеберлігіне интерпретациялық, құрылымдық, семиотикалық, психоаналитикалық және социологиялық әдістер арқылы жүйелі түрде анализ жасалып, шығармадан үзінділер талданды. Зерттеу барысында А. Байтұрсын, С. Жүнісов және О. Бөкей сияқты қазақ жазушыларының, сонымен қатар шетелдік жазушы Д. Оруэллдің шығармаларына нарратологиялық талдау жұмысы жүргізілді.Жұмыс нәтижесінде баяндау тәсілдері, соның ішінде антропоморфты кейіпкерлерді қолдану арқылы оның әдебиеттегі алар орны мен маңызы, негізгі идеялары анықталып,теориялық тұрғыдан баяндалды. Жазушы стилі, оның қоғаммен байланысы, автордың өзіндік көзқарастары айқындалды. Шығармаларды талдау барысындатұжырымдамалық негізге сай нарратология мен шығармада кездесетін кейіпкерлерге арнайы әдеби шолулар жасалып, практикалық және теориялық құндылығы сарапталды.Қазақ әдебиетінде осы тәрізді кейіпкерлер жиі қолданылғанымен, жалпы ұғым туралы деректер мен зерттеулер көп кездеспейді. Мақалада осы тақырып жайында теориялық мәліметтермен қатар, авторлар шығармашылығынан нақты мысалдар келтіріліп, көпшілікке ұсынылды.

310 156

Автор өмірбаяндары

  • Еркежан Берікболова, "Шәкәрім университеті" КеАҚ

    магистрант, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті, Қазақстан Республикасы, Семей, е-mail: shakarimtanu.semey@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/0009-0002-7096-4510

  • Карлыгаш Аубакирова, "Шәкәрім университеті" КеАҚ

    PhD, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті Қазақ филологиясы және журналистика кафедрасы, Қазақстан Республикасы, Семей, е-mail: kz.aubakirova@gmail.com, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-1872-9591

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-28

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 13

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.