Материалдарды жіберу

Авторларға арналған ережелер

Ғылыми мақала – ғылыми зерттеудің, эксперименттік немесе аналитикалық қызметтің бастапқы, аралық немесе соңғы нәтижелерін көрсететін, бұрын жарияланбаған және жаңа авторлық әзірлемелерді, қорытындылар мен ұсыныстарды қамтитын мәтіндік материал.

Ғылыми журналда «Шәкәрім университетінің хабаршысы. Филология сериясы» қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдеріндегі қолжазбаларды қабылдайды. Журналдың жиілігі-тоқсанына 1 рет (жылына 4 Нөмір).

Мақала журналдың https://philological.vestnik.shakarim.kz/index.php/my/index сайтына (.doc, .docx, .rtf форматтарында) жүктеу арқылы электронды түрде ұсынылады. Порталмен жұмыс істеу үшін сайтқа тіркелу қажет.

Журналға мақала лингвистика, әдебиеттану, тіл және әдебиетті оқыту әдістемесі бағыты бойынша  қабылданады.

Мақаланы жасырын рецензиялау (Double-blind review) үшін авторларға мақаланың екі нұсқасын ұсыну ұсынылады: біріншісі – авторлық мәліметтерімен, екіншісі – автордың мәліметінсіз.

Журналдың бір санында автор (қоса авторлықты қоса алғанда) екі мақаладан артық жариялай алмайды. Ұжымдық мақаланың авторларының саны 3 адамнан аспауы тиіс.

 Мақаланы рәсімдеу талаптары: қаріп өлшемі – 12 (аңдатпа, тірек сөздер - 10, кесте мәтіні – 9-11), қаріп түрі – Times New Roman, жоларалық интервал – 1, бет жиектері – 2 см.

Мақаланың көлемі (атауы, авторлар туралы мәліметтер, аңдатпа, ескертпелер мен әдебиеттер тізімін есептемегенде) 2500 сөзден кем емес және 7000 сөзден аспауы тиіс.

Ғылыми мақаланың құрылымы:

  • ҒТАМР индексі бірінші жолдың сол жақ бөлігіне жазылады (ҒТАМР http://grnti.ru сілтемесі бойынша алынады).
  • Авторлар туралы мәліметтер бір жолдан кейін жолдың ортасына жазылады:
  • мақала автор(лар)ының аты-жөні (алдымен аты-жөні, содан кейін тегі – Т.С. Сайрамбаев);
  • автор(лар)дың жұмыс орны мен мекенжайы – ЖОО (ұйым) атауы;
  • ORCID нөмірі көрсетіледі (тіркелу нұсқаулығы: https://orcid.org/);
  • ел, қала, корреспондент автордың электрондық поштасының мекенжайы;
  • мақала атауы (тақырып) жолдың ортасына бас әріптермен жазылады. Ол мақаланың мәні мен мазмұнын ашып, оқырманның назарын аударуы тиіс. Тақырып қысқа әрі мазмұнды болуы керек. Тақырыпта сөздерді қысқартуға жол берілмейді.
  • аңдатпа – зерттеудің негізгі мәнін, әдістері мен нысандарын, ең маңызды нәтижелерін, маңыздылығын, ғылыми және практикалық құндылығын қысқаша баяндау. Көлемі – 150-300 сөз.
  • тірек сөздер – мақаланы іздеу және оның пәндік саласын анықтау үшін қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері (кемінде 5-7 сөз).

Негізгі мәтін бір жолдан кейін беріледі:

  • Кіріспе
  • Материалдар мен әдістер
  • Нәтижелер және талқылау
  • Қорытынды
  • Әдебиеттер
  • Қаржыландыру туралы ақпарат (бар болған жағдайда).
  • Мақаланың соңында автор(лар) туралы мәліметтер көрсетіледі: толық аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, жұмыс орны, ұйым атауы, қала, ел, әр автордың e-mail және ORCID нөмірі.
  • Мақала атауы, аңдатпа және тірек сөздер мақала тілінен бөлек екі тілде (қазақ/орыс және ағылшын) беріледі. Егер мақала түрік тілінде болса, түрік тілімен қоса 4 тілде жазылады.

Суреттер, карталар, фотосуреттер, кестелер мен формулаларды компьютер көмегімен орындап, мәтінде аталған жеріне сәйкес орналастыру ұсынылады. Суреттердің реттік нөмірлері араб цифрларымен белгіленеді, ал сурет атауы суреттің астына ортасына жазылады (1-сурет. Сурет атауы).

Кестелер мәтінде алғашқы сілтемеден кейін немесе келесі бетте орналастырылады. Кестенің нөмірі мен атауы беттің ортасында беріледі (1-кесте. Кесте атауы). Кесте келесі бетке ауысқан жағдайда бағандар нөмірленіп, келесі бетте оң жақта «1- кестенің жалғасы» деп көрсетіледі.

 Әдебиеттерді рәсімдеу тәртібі:

– әдебиеттер мәтінде аталу ретімен орналастырылады;

– мәтінде тік жақшада сілтеме жасалған дереккөздің реттік нөмірі көрсетіледі (мысалы: [1]);

– әдебиеттер ГОСТ 7.1-2003 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар мен құрастыру ережелері» талаптарына сәйкес рәсімделеді;

– әдебиеттер тізімін рәсімдеу кезінде барлық авторлар толық көрсетілуі керек («және т.б.» қолданылмайды);

– әдебиеттер тізімі кемінде 10 атау берілуі тиіс, оның кемінде 20 %-ы шетелдік дереккөздер болуы керек. Егер мақала қазақ немесе орыс тілінде ұсынылса, транслитерацияланған әдебиеттер тізімін де көрсету қажет (транслитерация үшін http://translit-online.ru сайтын пайдалану ұсынылады). Транслитерацияланған сілтеменің соңында дереккөз тілі көрсетіледі: егер мәтін қазақ тілінде болса – (in Kazakh), орыс тілінде болса – (in Russian) және т.б.

Әдебиеттер тізімін рәсімдеу үлгілері

Периодикалық басылымдағы мақала:

  1. Сайрамбаев Т.С., Калиев С.А. Фразалық тіркестер және жай сөйлем синтаксисі // Қазақ ҰУ хабаршысы. Филология сериясы. – 2003. – Т. 1. № 5. – Б. 90-91.

Кітап:

  1. Жұбанов А.К. Корпустық лингвистика. – Алматы: Рауан, 2018. – 148 б.

Конференция материалдары мен ғылыми жинақтардағы жарияланым:

  1. Сайрамбаев Т.С., Калиев С.А. Фразалық тіркестер мен жай сөйлем синтаксисінің мәселелері // Қазақ тілін және әдебиетін оқыту мәселелері: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. – Алматы, 2010. – Б. 10-13 б.

Электрондық ресурс:

  1. Әлкебаева Д. Қазақ тіл білімінің мәселелері [Электрондық ресурс]. – URL: https://kitap.kz. – (қаралған күні: 22.01.2025).

Мақаланы ұсынғаннан кейін редакция журналға түскен жұмысты екі апта ішінде талаптарға сәйкестігін тексереді (антиплагиат, рәсімдеу, рецензиялау және т.б.).

Мақала қабылданған жағдайда авторларға тиісті хабарлама жіберіледі. Мақала талаптарға сәйкес келмеген жағдайда авторларға сайт арқылы хабарланады.

Редакция келіп түскен материалдарды өздігінен рецензиялауға жібереді. Журналда екі жақты рецензиялау жүйесі қолданылады, бұл рәсімнің құпиялылығын қамтамасыз етеді.

Барлық мақалалар лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы плагиаттың бар-жоғына тексеріледі. Мәтіннің түпнұсқалығы кемінде 75 % болуы тиіс, ал өзіндік дәйексөз көлемі 15 %-дан аспауы қажет. Бұл талаптарға сәйкес келмейтін мақалалар авторларға қайта жіберіледі. Қайта тексеру нәтижесі қанағаттанарлықсыз болған жағдайда мақала жариялауға қабылданбайды.

Мақаланы рәсімдеу үлгісі

ҒТАМР: 17.01.07

 Қ.Ә. Әубәкірова1, Е.Қ. Берікболова2*

1Шәкәрім университеті,

071412, Қазақстан Республикасы, Семей қ., Глинка к-сі, 20 А

2әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 71

*ORCID: 0009-0002-7096-4510

*е-mail: shakarimtanu.semey@mail.ru

ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ АНТРОПОМОРФТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР

Аңдатпа. Мақалада зерттеу нәтижелері келтірілген....…

Тірек сөздер: нарратология, антропоморфты кейіпкер, символ......... 

Кіріспе

Мәтін, мәтін, мәтін...

Материалдар мен әдістер

Мәтін, мәтін, мәтін...

Нәтижелер мен талқылау

Мәтін, мәтін, мәтін...

1-кесте. Респонденттердің жауаптары

 Қорытынды

Мәтін, мәтін, мәтін...

 Әдебиеттер

  1. Ахметов З. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. – Алматы: Рауан, 1997. – 240 б.
  2. Сайрамбаев Т.С., Калиев С.А. Проблемы фразеологии и синтаксиса простого предложения // Проблемы преподавания казахского языка и литературы: материалы международной научно-практической конференции // Казахский национальный университет им. аль-Фараби. Алматы, 2010. – С. 10-13.

References       (ағылшын тілінен басқа әдебиеттердің аудармасын тік жақшаға жазу керек)

  1. Akhmetov Z. Adebiettanu terminderinin sozdigi [Dictionary of Literary Studies Terms]. – Almaty: Rauan, 1997. – 240 p. (in Kazakh)
  2. Sairambaev T.S., Kaliev S.A. Problemy frazeologii i sintaksisa prostogo predlozheniya [Problems of Phraseology and Syntax of the Simple Sentence] // Problemy prepodavaniya kazakhskogo yazyka i literatury: materialy mezhdunarodnoi nauchno-prakticheskoi konferentsii [Problems of Teaching the Kazakh Language and Literature: Proceedings of the International Scientific and Practical Conference]. Kazakh National University named after al-Farabi, Almaty, 2010. – P. 10-13. (in Russian)

К.А. Аубакирова1, Е.К. Берикболова2*

1Шәкәрім университет,

071412, Республика Казахстан, г. Семей, ул. Глинки, 20 А

2Казахский национальный университет имени аль-Фараби,

050040, Республика Казахстан, г. Алматы, пр. аль-Фараби, 71

*ORCID: 0009-0002-7096-4510

*е-mail: shakarimtanu.semey@mail.ru

 

АНТРОПОМОРФНЫЕ ПЕРСОНАЖИ В КАЗАХСКОЙ ПРОЗЕ

 Аннотация. В статье представлены результаты исследования... 

Ключевые слова: нарратология, антропоморфный персонаж, символ...

 Aubakirova¹, Е. Berikbolova²*

1Shakarim University,

071412, Republic of Kazakhstan, Semey, 20 A Glinka Street

2*Al-Farabi Kazakh National University,

050040, Republic of Kazakhstan, Almaty, 71 Al-Farabi Avenue

*ORCID: 0009-0002-7096-4510

*е-mail: shakarimtanu.semey@mail.ru

 

ANTHROPOMORPHIC CHARACTERS IN KAZAKH PROSE

 

 Abstract. The article presents the results of the research... 

Keywords: narratology, anthropomorphic character, symbol...

Авторлар туралы мәліметтер

Аубакирова Карлыгаш Адильхановна PhD, Шәкәрім университеті, қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстан Республикасы, Семей, е-mail: kz.aubakirova@gmail.com, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-1872-9591.

Берікболова Еркежан Қанатқызы* – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранты, Қазақстан Республикасы, Алматы, е-mail: shakarimtanu.semey@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/0009-0002-7096-4510.

Сведения об авторах

Аубакирова Карлыгаш Адильхановна – PhD, старший преподаватель кафедры казахской филологии НАО «Шәкәрім университет», Республика Казахстан, Семей, е-mail: kz.aubakirova@gmail.com, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-1872-9591.

Берикболова Еркежан Қанатқызы*     магистрант Казахского национального университета имени аль-Фараби, Республика Казахстан, Алматы, е-mail: shakarimtanu.semey@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/0009-0002-7096-4510.

Information about the authors

Karlygash Aubakirova – PhD, senior lecturer, Department of kazakh philology Shakarim university, Republic of Kazakhstan, Semey, е-mail: kz.aubakirova@gmail.com, ORCID:  https://orcid.org/0000-0002-1872-9591.

 Еrkezhan Berikbolova* – Master’s student of Al-Farabi Kazakh National University, Republic of Kazakhstan, Almaty, е-mail: shakarimtanu.semey@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/0009-0002-7096-4510.