К. ТОҚАЕВТЫҢ «СОЛДАТ СОҒЫСҚА КЕТТІ» РОМАНЫ ПОЭТИКАСЫНДАҒЫ АТАЛЫМНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ

Авторлар

  • Толеубек Демежанов Shakarim University Автор

Кілт сөздер:

«лейтенанттық проза», роман, К. Тоқаев, атау, Солдат соғысқа кетті, «окоп шындығы».

Аңдатпа

Мақалада Кемел Тоқаевтың «Солдат соғысқа кетті» романының көркемдік құрылымындағы негізгі элементтердің бірі ретінде әдеби шығарманың атауының поэтикасы қарастырылады. Ю. М. Лотманның шығарманың атауы мәтінге семиотикалық «кілт» ретінде қызмет етеді деген идеяларына сүйене отырып, автор роман атауының оның идеялық-эмоционалдық мазмұнын қалай жинақтайтынын және оқырман интерпретациясының бағытын қалай айқындайтынын зерттейді.

   Зерттеудің нысаны – романның көркем мәтіні, ал зерттеу пәні – шығарманың құрылымы мен оқырман қабылдауын айқындайтын аталымның поэтикалық және мағыналық қызметтері. Зерттеудің мақсаты – аталымның мәтін тақырыбының өзегін қалыптастырудағы, композицияны ұйымдастырудағы және мағыналық қабылдау бағыттарын анықтаудағы рөлін ашу. Осы мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер қойылады: аталымдағы негізгі сөздердің семантикасын талдау; оның тарихи-мәдени контекст жасауға ықпалын сипаттау; аталымның романның мотивтік жүйесімен байланысын анықтау; кейіпкер бейнесінің қалыптасуына және сюжет дамуына әсерін белгілеу; баяндау барысында шығарма атауының мағыналық трансформациясын қадағалау.

   Зерттеу гипотезасы бойынша «Солдат соғысқа кетті» аталым тек номинативтік қана емес, сонымен бірге концептуалды-ұйымдастырушы қызмет атқарады: ол интерпретация шеңберін белгілеп, орталық қақтығысты кодтайды және баяндаудың эмоциялық-экзистенциалдық реңін айқындайды. Романның атауы семантикалық құрылымына өзіндік пролог ретінде қызмет етіп, оқу үдерісін нақты оқиғадан адамның соғыс кезеңіндегі тағдырын көпқабатты түсінуге қарай бағыттайды.

0 0

Автор өмірбаяны

  • Толеубек Демежанов, Shakarim University

    филология ғылымдарының кандидаты, шетел және орыс тілдері кафедрасының доценті, Шәкәрім университеті, Қазақстан Республикасы, Семей, е-mail: toleubek@yandex.ru, Orcid: https://orcid.org/0009-0009-3038-2533.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 86

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.