TEXTUAL STUDIES OF ABAY’S WORKS(BASED ON THE RESEARCH OF QAYIM MUKHAMEDKHANOV)
Кілт сөздер:
Абай, текстология, мәтінтану, түпнұсқа, қолжазба, салыстырмалы талдау, поэтика.Аңдатпа
Бұл мақалада Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасындағы текстологиялық мәселелер жан-жақты талданып, ақын шығармаларының түпнұсқалық қалпын қалпына келтіруге бағытталған ғылыми ұстанымдар қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі әр тарихи кезеңде жарық көрген Абай өлеңдері мен қарасөздерінің әртүрлі басылымдарында кездесетін мәтіндік бұрмалаулармен байланысты. Мұндай ауытқулар шығармалардың мазмұны мен идеялық мағынасын түсіндіруге тікелей әсер етеді.
Зерттеу негізіне Қайым Мұхамедхановтың «Абай шығармаларының текстологиясы жайында» атты іргелі еңбегі алынды. Мақалада Мүрсейіт Бікеұлының 1905-1910 жылдары көшірген қолжазбалары, 1909 жылғы тұңғыш басылым және кеңестік кезеңдегі редакциялық нұсқалар салыстырмалы түрде талданады.
Абайдың бірқатар өлеңдеріндегі мәтіндік айырмашылықтарға нақты мысалдар келтіріледі. «Интернатта оқып жүр» және «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдерінің бастапқыда біртұтас шығарма болғаны негізделеді. «Жаз» өлеңіндегі «Әзілдесіп, сылқылдап» жолының орнына түпнұсқадағы «Кеңесіп, күліп, сылқылдап» нұсқасының дұрыстығы дәлелденеді. Сонымен қатар «Болыс болдым, мінеки», «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол», «Айттым сәлем, Қаламқас» сияқты өлеңдердегі лексикалық, фонетикалық және семантикалық дәлсіздіктер Қ. Мұхамедхановтың ғылыми тұжырымдары негізінде сараланады.
Сондай-ақ мақалада Абай текстологиясына қатысты заманауи ағылшын тіліндегі зерттеулерге шолу жасалып, цифрлық корпус жасау, қолжазбалардағы орфографиялық және фонетикалық вариативтілік, «Қара сөздер» мәтіндерін интерпретациялау мәселелері қарастырылады.
Зерттеу нәтижелері Абай мәтіндерін ғылыми тұрғыдан қалпына келтіру ұлттық руханияттың тарихи жадын сақтаудың маңызды тетігі екенін айқындайды. Қайым Мұхамедханов қалыптастырған текстологиялық әдіс қазақ әдебиеттану ғылымында жаңа бағыттың негізін қалап, абайтанудың әдіснамалық тұғырына айналды.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Журналдың редакциясы Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңын және тиісті халықаралық шарттарды басшылыққа алады. Авторлар өздерінің авторлық құқықтарын сақтайды және «Шәкәрім университетінің хабаршысы. «Тарих ғылымдары сериясы» журналына қолжазбаның алғашқы жариялану құқығығын береді. Автор журналға тиісті сілтеме жасаған жағдайда материалды кез келген тасымалдағышта және кез келген форматта көшіруге және таратуға құқылы. Оқырмандар мен пайдаланушылар жұмыстың авторы көрсетілген және осы журналға сілтеме берілген жағдайда материалды еркін көшіріп, тарата және қолдана алады. Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді. Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді.
Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.