ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ РОМАНЫНЫҢ ГЕНЕЗИСІ ЖӘНЕ СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ КӨРКЕМДІК-ИДЕЯЛЫҚ ІЗДЕНІСТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.53360/3080-3861-2026-2(6)-9Кілт сөздер:
қазақ романы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, жанрлық эволюция, «Қамар сұлу», «Кім жазықты?», реализм, поэтика, фольклорлық дәстүр.Аңдатпа
Мақалада ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі роман жанрының тууы, қалыптасуы мен жанрлық-стильдік даму эволюциясы қарастырылған. Зерттеудің негізгі объектісі ретінде ұлттық прозаның алғашқы қарлығаштары саналатын М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», С. Көбеевтің «Қалың мал» туындыларымен қатар, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» және «Кім жазықты?» романдары алынды. ХХ ғасыр басындағы мерзімді басылымдардың («Қазақ» газеті, «Айқап» журналы) роман жанрының пайда болуына қосқан меценаттық және ағартушылық үлесі, соның ішінде Есенғұл қажы Маманов жариялаған тұңғыш роман бәйгесінің тарихи маңызы мен ұлттық сананы оятудағы рөлі жан-жақты талданады. С.Торайғыров шығармаларындағы әйел теңсіздігі, әлеуметтік қайшылықтар, отарлау саясатының зардаптары және ұрпақтар арасындағы рухани дағдарыс мәселелері көркемдік деңгейде зерделенеді. Сонымен бірге, автор туындыларындағы лиризм мен прозаның үндесуі, фольклорлық дәстүрлер мен этнографиялық элементтердің қолданылу ерекшеліктері, сондай-ақ кейіпкерлер психологиясын ашудағы портреттік және хат-диалог формаларының қызметі теориялық тұрғыдан негізделеді. Зерттеу нәтижесінде ХХ ғасыр басындағы қазақ романдарының шағын көлемділігіне қарамастан, мазмұндық әрі әлеуметтік салмағы жағынан толыққанды реалистік роман деңгейіне көтерілгендігі, ұлттық прозаның классикалық арнасын қалыптастырғаны толық дәлелденеді.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Акмарал Смагулова, Арап Еспенбетов (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді.
Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.