БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР: ГЕНДЕРЛІК ТӘРБИЕ АСПЕКТІСІ
DOI:
https://doi.org/10.53360/3080-387X-2026-1-3(7)-%25pКілт сөздер:
Д. Мамырбаева, заманау технология, робот, отбасылық құндылық, гендерлік тәрбиеАңдатпа
Бұл мақалада қазіргі балалар әдебиетіндегі заманауи технология мен отбасылық құндылықтар мәселесі сөз етіледі. Технология дамыған заманда жасанды интеллект, робототехника көрініс тапқан шығармаларға деген қызығушылықтан зерттеудің өзектілігі туындайды. Мақаланың мақсаты – жазушы Д. Мамырбаеваның туындыларындағы бағдарламау арқылы жасалған робот-адамдар бойындағы сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік сияқты қасиеттер мен отбасылық құндылықтардың көркемдік қызметін айқындау. Әсіресе әке-робот, ана-робот образдарына қатысты отбасындағы ер мен әйел, бала образдары арқылы көрініс тапқан гендерлік тәрбие аспектісін талдау арқылы жас оқырмандарды тәрбиелеудегі отбасылық құндылықтардың ықпалы тілге тиек етіледі.
Зерттеу нәтижесінде туындылардағы заманауи технологиялардың тек сюжеттік және фантастикалық тұрғыдан ғана емес, отбасылық құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді дәріптеу үшін қызмет ететіні айқындалады. «Робот. Вирус. Сезім» әңгімесіндегі роботтар әлемі мен робот кейіпкерлер сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік ұғымдарымен сабақтастырылып, адам бойындағы ізгі қасиеттер мен сезімдердің технология мен қайсыбір бағдарламалаудан әрқашан биік тұратындығын баса айтады. Ал «Роботтар отбасы» әңгімесіндегі әке-робот, ана-робот, бала-робот образдары арқылы олардың отбасылық құндылықтарды толық бере алмайтындығын көрсетеді. Осы ретте ананың, әкенің, баланың отбасында алатын орнын көрсету арқылы гендерлік тәрбие аспектісі бой көрсетеді. Қаламгер отбасылық құндылықтарды бәрінен де жоғары қояды.
Зерттеудің ғылыми маңыздылығы ғылыми-фантастикалық балалар прозасын технология, отбасылық құндылық, гендерлік тәсіл шеңберінде қарастыруында жатыр. Зерттеу нәтижелері сандық дәуірдегі заманауи технология отбасылық құндылықтар алдында дәрменсіз екендігін көрсетеді.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді.
Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.