АБАЙ ТЕКСТОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ТЫҢ ДЕРЕК
DOI:
https://doi.org/10.53360/3080-387X-2026-1-3(7)-%25pКілт сөздер:
Абай текстологиясы, Абай мұрасы, қолжазба, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Шериаздан Марсеков, Зият Шәкәрімұлы, мәтінтануАңдатпа
Мақалада Абай мұрасының мәтіндік нұсқаларын зерттеудегі тың деректер мен оларды ғылыми айналымға енгізудің маңызы қарастырылады. Негізгі назар Тұрсын Жұртбайдың «Білмей мұны жазған жоқ» еңбегінде қамтылған, бұрын ғылыми айналымға кеңінен түспеген Шығыс Түркістан аймағындағы екі қолжазбаға аударылады. Зерттеуде Шериаздан Марсековтің «Абай Құнанбайұлының тәлімдері. Шәкәрім Құдайбердіұлының тәлімдері» және аты беймәлім хаткер-кәтіптің «Абай өлеңдерінің көшірмелері» қолжазбаларының сақталу тарихы, құрылымы, жазу ерекшеліктері, 1909 жылғы жинақпен және өзге мәтіндік нұсқалармен арақатынасы сөз болады. Мәтіндік салыстыру, қолжазба сипаттамасы, жазу үлгілерін тарихи-тілдік тұрғыдан саралау әдістері негізінде Абай өлеңдерінің түпмәтінін анықтауға әсер ететін факторлар көрсетіледі. Жеке сөздердегі, қосымшалардағы, өлең жолдарындағы және тұтас шумақтардағы айырмашылықтардың пайда болу себептері талданып, қазақ текстологиясында кешенді салыстырудың қажеттігі негізделеді. Зерттеу Абай мұрасын қазіргі ғылыми талаптармен түгендеу, мәтіндік нұсқаларды салыстыра зерделеу және қолжазбаларды дербес ғылыми нысан ретінде қарастыру бағыттарының өзектілігін айқындайды.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді.
Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.