САФУАН ШАЙМЕРДЕНОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР БЕЙНЕСІНІҢ ИНТЕРМӘТІНДІК ТАБИҒАТЫ

Авторлар

  • Жамила_08 Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Автор
  • Жазира Көкбас М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Автор
  • Қанат Смаилова М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.53360/3080-3861-2025-2(2)-8

Кілт сөздер:

интермәтін, ұлттық болмыс, типология, С. Шаймерденов, қазақ әдебиеті, әйелдер бейнесі.

Аңдатпа

Мақалада қаламгер Сафуан Шаймерденов шығармаларындағы әйелдер бейнесінің типологиясы интермәтін және ұлттық болмыс тұрғысынан талданады. Зерттеудің негізгі мақсаты – жазушы туындыларындағы әйел кейіпкерлерінің типологиялық ерекшеліктерін анықтап, олардың ұлттық болмысты бейнелеудегі рөлін ашу.

Әдебиеттегі әйелдер бейнесі – ұлттық болмысты жеткізудің маңызды құралдарының бірі. Қазақ прозасында әйел кейіпкерлері арқылы ұлттық құндылықтарды, рухани мұраларды және заман талабына сай бейімделуді бейнелеу бүгінгі әдеби зерттеулер үшін өзекті мәселелердің бірі. Шаймерденовтың әйел кейіпкерлері қазақ халқының дәстүрлі құндылықтары мен заман ағымындағы жаңашылдықты ұштастыра отырып, ұлттық болмыстың маңызды аспектілерін бейнелейді.

Суреткердің «Мезгіл», «Қарғаш», «Мәжнүн тал», «Инеш» сияқты көрнекті шығармаларындағы Бибігүл, Қарғаш, Әспет, Инеш бейнелері зерттеу нысаны ретінде қарастырылды. Зерттеуде контент-талдау, интермәтіндік талдау, типологиялық және лингвокогнитивтік әдістер қолданылды. Жазушының ұлттық болмысты жеткізуде қолданған көркемдік тәсілдері, кейіпкерлердің мінез-құлқы мен рухани әлемі кеңінен зерделенеді. Сонымен қатар жазушы С. Шаймерденов кейіпкерлерінің басқа әдеби туындылардағы ұқсас образдармен үндестігі (интермәтіндік байланысы) сараланды.

Мақала нәтижесінде әйелдер бейнесінің қазақ әдебиетіндегі ерекше типологиялық рөлі мен олардың ұлттық танымды қалыптастырудағы маңызы айқындалды. Зерттеу барысындағы ғылыми талдаулар қазақ әдебиетіндегі әйелдер бейнесінің көркемдік ерекшеліктерін тереңірек түсінуге және ұлттық болмыс мәселелерін жаңа қырынан қарастыруға мүмкіндік береді.

715 85

Автор өмірбаяндары

  • Жамила_08, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты, Қазақстан Республикасы, Астана, е-mail: zhamila_08@mail.ru, Orcid: https://orcid.org/0009-0002-9320-4637.

  • Жазира Көкбас, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

    М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің оқытушысы, Қазақстан Республикасы, Петропавл, е-mail: jazira_kokbas@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-6593-0474.

  • Қанат Смаилова, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

    М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің оқытушысы, Қазақстан Республикасы, Петропавл, е-mail: kksmailova@ku.edu.kz, Orcid: https://orcid.org/0009-0008-9970-4062.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-06-30

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 84

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.