ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫ ЖӘНЕ ЗАР ЗАМАН АҚЫНДАРЫНЫҢ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ОБРАЗДАР ЖҮЙЕСІ

Авторлар

  • Бауыржан Салимжанов "Шәкәрім университеті" КеАҚ Автор
  • Бауыржан Ердембеков "Шәкәрім университеті" КеАҚ Автор

Кілт сөздер:

Поэты Зар замана, система образов, поэтика, художественное изображение, национальное мировоззрение, социально-философский мотив.

Аңдатпа

Мақалада ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Дулат Бабатайұлы және Зар заман ақындарының поэзиясындағы образдар жүйесі жан-жақты қарастырылады. Зерттеу нысаны ретінде Д.Бабатайұлы шығармалары мен оның дәуірлес ақындары – Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан мұралары алынды. Зерттеу дереккөздері қатарында ақын шығармаларының жинақтары, сондай-ақ Қ.Өмірәлиев, М.Мағауин, Е.Дүйсенбайұлы, С.Дәуітұлы, А.Шәріп, Х.Сүйіншәлиев, Р.Сыздық сияқты ғалымдардың еңбектері пайдаланылды. Зерттеу әдістері кешенді сипатта болды. Салыстырмалы-тарихи, мәтіндік талдау, сипаттамалы және құрылымдық-семантикалық әдістер қолданылды. Бұл тәсілдер арқылы ақындар шығармашылығындағы образдар жүйесі анықталып, олардың көркемдік табиғаты мен әлеуметтік-философиялық мазмұны ашылды. Дулат Бабатайұлы поэзиясындағы образдардың дәстүрлі фольклорлық мұралармен байланысы, қоғамдық құбылыстарды бейнелеудегі ерекшеліктері сараланды. Сонымен бірге, Зар заман ағымына тән ортақ сарындар – халық тағдырына алаңдаушылық, отарлық саясатқа қарсылық, ұлттық құндылықтарды қорғау мәселелері көркемдік бейнелеу арқылы айқындалды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, Дулат Бабатайұлы және Зар заман ақындары қалыптастырған образдар жүйесі қазақ әдебиетіндегі әлеуметтік-философиялық ойдың көрінісі болып табылады. Ол ұлттық дүниетанымның, халықтық болмыстың және тарихи сананың көркемдік тұрғыдан бейнеленуіне мүмкіндік берді. Мақалада айқындалған тұжырымдар Зар заман дәуірі поэзиясының поэтикалық жүйесін, дәстүр мен даралықтың арақатынасын, көркемдік сабақтастықты ғылыми тұрғыда зерделеуге жол ашады.

Автор өмірбаяндары

  • Бауыржан Салимжанов, "Шәкәрім университеті" КеАҚ

    Салимжанов Бауыржан Ермекұлы* – «Шәкәрім университеті» КеАҚ «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» ББ магистранты, e-mail: 001hero@mail.ru, Orcid: 0009-0009-5922-5582.

     

  • Бауыржан Ердембеков, "Шәкәрім университеті" КеАҚ

    Ердембеков Бауыржан Амангелдіұлы – филология ғылымдарының докторы, профессор, «Шәкәрім университеті» КеАҚ, e-mail: erdembekov@gmail.com, Orcid: 0000-0003-0503-4640.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 13

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.