ОҚУШЫЛАРДЫҢ РУХАНИ ТӘРБИЕСІНДЕ ПОЭЗИЯНЫҢ РӨЛІ: АҚБЕРЕН ЕЛГЕЗЕК ШЫҒАРМАЛАРЫ МЫСАЛЫНДА

Авторлар

  • Жаннұр Серікқали "Шәкәрім университеті" КеАҚ Автор
  • Айман Токсамбаева "Шәкәрім университеті" КеАҚ Автор

Кілт сөздер:

тәрбие, рухани тәрбие, поэзия, поэзияның рөлі, ұлттық құндылықтар

Аңдатпа

Бұл мақалада оқушылардың рухани тәрбиесін қалыптастыруда поэзияның, атап айтқанда қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Ақберен Елгезек шығармаларының маңызы қарастырылады. Ақынның терең мазмұнды өлеңдері арқылы ұлттық құндылықтар, моральдық-этикалық нормалар, адамгершілік пен рухани биіктік мәселелері көркем тілмен жеткізіліп, жас ұрпақтың дүниетанымына, ішкі жан дүниесіне оң әсер ететіні дәлелденеді. Мақалада Елгезек поэзиясын білім беру үдерісіне тиімді енгізу жолдары, оның тәрбиелік әлеуеті мен оқушылардың рухани дамуына ықпалы жан-жақты талданады. Ақынның «Алабұрту», «Ауылды аңсау», «Тілек» атты өлеңдері негізінде оқушылар бойында туған жерге сүйіспеншілік, ата-анаға құрмет, ар-намыс, адамгершілік және отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырудың мүмкіндіктері сараланады. Сонымен қатар, поэзияны оқу-тәрбие үдерісінде тиімді пайдалану жолдары ұсынылып, көркем шығарманың тұлға тәрбиесіндегі маңызы айқындалады. Зерттеу нәтижесі Елгезек поэзиясының оқушылардың рухани әлемін байытып, олардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал ететінін көрсетті. Бұл бағыт мұғалімдер мен әдіскерлерге де нақты әдістемелік ұсыныстар береді. Сондай-ақ, өлең жолдарындағы терең философиялық тұжырымдар мен заманауи рухани ізденістер жас ұрпақтың өзін-өзі тануына, болмыстық ойлауын қалыптастыруға жол ашады. Елгезектің поэзиясы – тек эстетикалық ләззат беретін көркем туынды ғана емес, сонымен қатар ұлттық рух пен тарихи жадыны жаңғыртатын тәрбие құралы ретінде де аса құнды.

Автор өмірбаяндары

  • Жаннұр Серікқали , "Шәкәрім университеті" КеАҚ

    Серікқали Жаннұр Ерболқызы* – Шәкәрім университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» ББ магистранты, е-mail: zhannur_97_97@mail.ru, Orcid: 0009-0006-3198-6361.

  • Айман Токсамбаева, "Шәкәрім университеті" КеАҚ

    Токсамбаева Айман Омарқанқызы – филология ғылымдарының кандидаты, Шәкәрім университеті қазақ филологиясы кафедрасының профессоры. е-mail: aiman-63@mail.ru, Orcid: 0000-0002-8744-2615.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 35

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.