Көркем шығарманың композициясын меңгертуде интербелсенді әдістердің тиімділігі
Кілт сөздер:
әдеби-теориялық ұғымдар, оқыту әдістері, оқыту жолдары, мектептегі қазақ әдебиеті, әдістемелік негіздерАңдатпа
Осы мақалада жоғары сынып оқушыларына көркем шығарма композициясын меңгертудің әдістемелік жолдары жан-жақты қарастырылады. Композиция әдеби шығарманың ішкі құрылымын ұйымдастыратын негізгі ұғымдардың бірі ретінде сипатталып, оның сюжеттік элементтері, кейіпкерлердің даму динамикасы, кейіпкерлік конфликстер және шығарманың уақыттық-орындық құрылымы сияқты компоненттерін оқушыларға меңгертудің тиімді тәсілдері талданады. Автор практикалық сабақ үлгілері мен нақты әдістемелік тапсырмалар арқылы композициялық талдаудың оқушылардың әдеби-теориялық түсінігін тереңдетуге, олардың шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыруға және мәтінді жан-жақты интерпретациялауға әсерін дәлелдейді. Сонымен қатар, мақалада әдеби талдау процесінде қолданылатын әдістемелік құралдар, топтық және дара жұмыс формалары, сондай-ақ интербелсенді тәсілдер арқылы композициялық құрылымды меңгертудің тиімді жолдары ұсынылады. Бұл тәсілдер оқушылардың әдеби шығарманы жүйелі түрде қабылдауын қамтамасыз етіп, олардың аналитикалық және сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Журналдың редакциясы Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңын және тиісті халықаралық шарттарды басшылыққа алады. Авторлар өздерінің авторлық құқықтарын сақтайды және «Шәкәрім университетінің хабаршысы. «Тарих ғылымдары сериясы» журналына қолжазбаның алғашқы жариялану құқығығын береді. Автор журналға тиісті сілтеме жасаған жағдайда материалды кез келген тасымалдағышта және кез келген форматта көшіруге және таратуға құқылы. Оқырмандар мен пайдаланушылар жұмыстың авторы көрсетілген және осы журналға сілтеме берілген жағдайда материалды еркін көшіріп, тарата және қолдана алады. Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді. Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді.
Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.