ҚАЗАҚ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ДИАЛОГТІК МӘТІННІҢ ҰЙЫМДАСУЫ: ЛЕКСИКАЛЫҚ-СЕМАНТИКАЛЫҚ БАЙЛАСЫМ
DOI:
https://doi.org/10.53360/3080-387X-2026-1-3(7)-%25pКілт сөздер:
диалогтік құрылым, көркем шығарма, мәтін байласымы, лексикалық-семантикалық тәсіл, реплика.Аңдатпа
Мақалада қазақ көркем шығармаларындағы диалогтік мәтіннің құрылымдық, семантикалық және прагматикалық ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі қазіргі дискурстық зНерттеулерде диалогтің коммуникацияны жүзеге асырудың негізгі тетігі ретінде танылуымен және көркем мәтіндегі автор мен оқырман арасындағы байланысты ұйымдастырудағы маңызды қызметімен айқындалады. Зерттеу барысында диалог, диалогтік мәтін, диалогтік бірлік, диалогтену, диалогтік дискурс, диалогтік қайталау және когезия ұғымдарының ғылыми-теориялық сипаты сараланады. Диалогтік мәтіннің монологпен ұқсастықтары мен айырмашылықтары анықталып, оның құрылымдық белгілері мен негізгі компоненттері сипатталады. Зерттеудің негізгі мақсаты – көркем шығармадағы диалогтік мәтіннің байласымын ұйымдастыратын лексикалық амал-тәсілдерді анықтау және олардың мәтіннің тұтастығы мен прагматикалық қызметін жүзеге асырудағы рөлін айқындау. Лексика-семантикалық байласымның диалогтік және дейктикалық қайталамалар, синонимдер мен антонимдер арқылы жүзеге асатыны көрсетіледі. Сонымен қатар сұрақ-жауап, пікір білдіру-пікір білдіру, сұрақ-пікір білдіру, пікір білдіру-сұрақ тәрізді репликалық байланыстардың диалог мазмұнын ұйымдастырудағы қызметі сараланады. Зерттеу нәтижесінде диалогтік мәтін байласымының оның бірізділігі мен логикалық тұтастығын қамтамасыз ететін негізгі мәтіндік категория екені анықталып, диалогтің оқырманға ақпарат жеткізу, белгілі бір пікір қалыптастыру және әсер ету қызметтері айқындалады. Зерттеу нәтижелері қазақ көркем мәтінінің құрылымдық және прагматикалық табиғатын тануға мүмкіндік береді.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді.
Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.