ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СЕПТЕУЛІК ШЫЛАУЛАР МЕН СЕПТЕУЛІК ШЫЛАУЛЫ АНАЛИТИКАЛЫҚ ФОРМАНТТАРДЫҢ МАҒЫНАЛАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.53360/3080-3861-2025-3(3)-7Anahtar Kelimeler:
қазақ тілі, сөз тіркесі, сөйлем мүшелері, септік жалғауы, аналитикалық формант, грамматикалық мағына, синтаксистік байланыс.Öz
Мақалада қазақ тіл біліміндегі оқулықтар мен зерттеулерде септеулік шылау ретінде көрсетіліп жүрген көмекші сөздердің грамматикалық табиғатына қатысты автордың субъективті жаңаша көзқарасы ұсынылып отыр. Ол үшін алдымен септеу ұғымының мазмұны нақтыланды. Қазақ тіліндегі септеудің мән-мазмұны – септеу тұлғалары арқылы сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарындағы сөзді басыңқы сыңарындағы сөзбен оның синтаксистік қызметін белгілей отырып сабақтастыра байланыстыру. Сондықтан мақалада бағыныңқы сыңардағы сөздің құрамындағы жеке сөз ретіндегі септеулік шылаулар және септік жалғауы мен көмекші сөзден тұратын аналитикалық форманттар септеу категориясының аналитикалық тәсілінің көрсеткіші ретінде қарастырылып, олардың қызметтері сөз бен сөзді сабақтастыра байланыстыру және сөздер арасында синтаксистік қатынас орнатуға қатысы тұрғысынан талданды. Нәтижесінде септеулік шылау қатарына жатқызылып жүрген кейбір көмекші сөздер сөз бен сөздің арасында синтаксистік байланыс ортатуға және бағыныңқы сөздің синтаксистік қызметін белгілеуге қатыспайтыны анықталды. Зерттеуде салыстыру, сипаттау, түсіндіру әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарында оқытылатын «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы», «Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем және сөз тіркесі синтаксисі» пәндерінде пайдалануға болады. Мақала филолог мамандар мен ізденушілерге, жалпы қазақ тілінің грамматикалық жүйесіне қызығушылығы бар көпшілікке арналған.
İndir
Yayınlanmış
Sayı
Bölüm
Lisans
Telif Hakkı (c) 2025 Төлеуғазы Мүрсәлімов (Yazar)

Bu çalışma Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License ile lisanslanmıştır.
Copyright presupposes the integrity and responsibility of each co-author who made a significant contribution to the writing of the article.
The author has the right to store his publications in an institutional or other repository of his choice, provided he provides the appropriate link to the journal’s website.