XVIII–XIX ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ РЕСМИ-ІСКЕРИ ТІЛІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАРМАҚТАРЫ

Авторлар

  • Гүлфар Мамырбек А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Автор

DOI:

https://doi.org/10.53360/3080-387X-2026-1-2(6)-%25p

Кілт сөздер:

ресми-іскери стиль, функционалдық стиль, қазақ әдеби тілі тарихы, ресми құжаттар тілі, тарихи стилистика, әкімшілік құжаттар, ресми хаттар.

Аңдатпа

Мақалада XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ресми-іскери тілінің қалыптасу үдерісі, оның қоғамдық қызметі мен функционалдық тармақтарының даму ерекшеліктері тарихи-лингвистикалық және лингвостилистикалық тұрғыдан қарастырылады. Қазақ қоғамындағы саяси-әкімшілік қатынастардың күрделенуі, Ресей империясымен дипломатиялық және әкімшілік байланыстардың кеңеюі, сондай-ақ Орта Азия хандықтарымен жүргізілген ресми қарым-қатынастар нәтижесінде қалыптасқан жазба коммуникация жүйесінің тілдік сипаты талданады. Зерттеудің дереккөзін XVIII-XIX ғасырларға қатысты ресми хаттар, арыз-өтініштер, әкімшілік құжаттар, құқықтық-нормативтік мәтіндер, жарлықтар мен ресми хабарламалар құрайды. Зерттеу барысында тарихи-салыстырмалы, сипаттамалы, мәтіндік және лингвостилистикалық талдау әдістері қолданылды.

Талдау нәтижесінде қазақ ресми-іскери тілінің сол кезеңде дербес функционалдық жүйе ретінде қалыптасқаны анықталды. Ресми мәтіндердің басты белгілері ретінде стандарттылық, клишелену, терминдену, құрылымдық тұрақтылық, ақпараттың нақтылығы мен эмоционалдық бейтараптық айқындалды. Ресми хаттар, нормативтік-жарлықтық құжаттар және әкімшілік құжаттар қазақ ресми-іскери тілінің негізгі функционалдық тармақтары ретінде жүйеленді. Сонымен қатар араб-парсы және орыс тілдерінен енген лексикалық бірліктердің ресми стильдің қалыптасуы мен терминологиялық жүйесінің дамуына ықпалы сараланды. Зерттеу нәтижелері қазақ әдеби тілінің тарихын, тарихи стилистика мен функционалдық стильдер жүйесін зерделеуде маңызды ғылыми тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді. Мақала қазақ ресми-іскери дискурсының тарихи негіздерін айқындауға және оның қазіргі ресми тілмен сабақтастығын анықтауға бағытталған.

0 0

Автор өмірбаяны

  • Гүлфар Мамырбек, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

    филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты Тіл мәдениеті бөлімінің меңгерушісі,  Қазақстан Республикасы, Алматы, e-mail: gulfar76@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-7399-2122.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 104

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.