«ТҮРК» СӨЗІНІҢ «БАБЫРНАМАДАҒЫ» СЕМАНТИКАСЫ
DOI:
https://doi.org/10.53360/3080-387X-2026-1-3(7)-15-23Anahtar Kelimeler:
Бабырнама, түрк, этноним, қазақ, семантика, тарихи лексикология.Öz
Мақалада XVI ғасырда Захир әд-дин Мұхаммед Бабырдың шағатай (түрки) тілінде жазған «Бабырнама» (шағ. Уақаи` «Оқиғалар») еңбегіндегі түрк лексемасының семантикасы зерттеледі. Зерттеудің мақсаты – бұл сөздің мәтіндегі қолданыстарын түпнұсқа деректер негізінде саралап, мағыналық құрылымын, референттік ауқымы мен коннотациялық ерекшеліктерін анықтау. Негізгі дереккөз ретінде «Бабырнаманың» Хайдарабад қолжазба көшірмесінің факсимилесі пайдаланылды. Контекстік-семантикалық және салыстырмалы талдау түрк атауының этнонимдік мағынамен шектелмей, этносаяси және сапалық мәндерде де жұмсалғанын көрсетті. Этнонимдік қолданыстарда оның референттік ауқымы қазіргі «түркі халықтары» ұғымымен толық сәйкеспейді, өйткені моғол, чағатай, өзбек тәрізді атаулардан ажыратыла қолданылады. Ал адамға берілген сипаттамаларда түрк «қарапайым» мағынасымен сабақтасып, көбіне жағымды немесе бейтарап мәндегі сөздермен қатар қолданылады. Бұл деректер кейінгі лексикографиялық және ғылыми еңбектерде түрк сөзін «қарабайыр», «мәдениеті төмен», «аңқау», тіпті «кезбе тәрізді» мәндермен түсіндіру оның «Бабырнамадағы» семантикалық табиғатын ашпайтынын аңғартады. Мұндай түсініктер жекелеген контекстік реңктерді жалпылап, лексеманың өзге мағыналық қырларын ескермеуден қалыптасқаны байқалады. Зерттеу тарихи этнонимдердің семантикасын қалпына келтіруде олардың қолданыстарын дәуірлік және мәтіндік контексте тұтас қарастырудың маңызын көрсетеді.
İndir
Yayınlanmış
Sayı
Bölüm
Lisans

Bu çalışma Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License ile lisanslanmıştır.
Copyright presupposes the integrity and responsibility of each co-author who made a significant contribution to the writing of the article.
The author has the right to store his publications in an institutional or other repository of his choice, provided he provides the appropriate link to the journal’s website.