«ТҮРК» СӨЗІНІҢ «БАБЫРНАМАДАҒЫ» СЕМАНТИКАСЫ

Yazarlar

  • Әділет Таңсықбай Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті Yazar

DOI:

https://doi.org/10.53360/3080-387X-2026-1-3(7)-15-23

Anahtar Kelimeler:

Бабырнама, түрк, этноним, қазақ, семантика, тарихи лексикология.

Öz

Мақалада XVI ғасырда Захир әд-дин Мұхаммед Бабырдың шағатай (түрки) тілінде жазған «Бабырнама» (шағ. Уақаи` «Оқиғалар») еңбегіндегі түрк лексемасының семантикасы зерттеледі. Зерттеудің мақсаты – бұл сөздің мәтіндегі қолданыстарын түпнұсқа деректер негізінде саралап, мағыналық құрылымын, референттік ауқымы мен коннотациялық ерекшеліктерін анықтау. Негізгі дереккөз ретінде «Бабырнаманың» Хайдарабад қолжазба көшірмесінің факсимилесі пайдаланылды. Контекстік-семантикалық және салыстырмалы талдау түрк атауының этнонимдік мағынамен шектелмей, этносаяси және сапалық мәндерде де жұмсалғанын көрсетті. Этнонимдік қолданыстарда оның референттік ауқымы қазіргі «түркі халықтары» ұғымымен толық сәйкеспейді, өйткені моғол, чағатай, өзбек тәрізді атаулардан ажыратыла қолданылады. Ал адамға берілген сипаттамаларда түрк «қарапайым» мағынасымен сабақтасып, көбіне жағымды немесе бейтарап мәндегі сөздермен қатар қолданылады. Бұл деректер кейінгі лексикографиялық және ғылыми еңбектерде түрк сөзін «қарабайыр», «мәдениеті төмен», «аңқау», тіпті «кезбе тәрізді» мәндермен түсіндіру оның «Бабырнамадағы» семантикалық табиғатын ашпайтынын аңғартады. Мұндай түсініктер жекелеген контекстік реңктерді жалпылап, лексеманың өзге мағыналық қырларын ескермеуден қалыптасқаны байқалады. Зерттеу тарихи этнонимдердің семантикасын қалпына келтіруде олардың қолданыстарын дәуірлік және мәтіндік контексте тұтас қарастырудың маңызын көрсетеді.

30 5

Yazar Biyografisi

  • Әділет Таңсықбай, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

    PhD, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының лекторы, Қазақстан Республикасы, Көкшетау, e-mail: adilet_2_97@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/0000-0001-9929-1685.

Yayınlanmış

2026-10-06

Nasıl Atıf Yapılır

Таңсықбай, Ә. (2026). «ТҮРК» СӨЗІНІҢ «БАБЫРНАМАДАҒЫ» СЕМАНТИКАСЫ. ŞAKARIM ÜNIVERSITESI BÜLTENI. FILOLOJI SERISI, 1(3(7), 15-23. https://doi.org/10.53360/3080-387X-2026-1-3(7)-15-23

Benzer Makaleler

1-10 : 91

Bu makale için ayrıca gelişmiş bir benzerlik araması başlat yapabilirsiniz.