ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ БИОТЕХНОЛОГИЯ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ: ТАРИХИ ҚАБАТТАРЫ, ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАНЫСЫ ЖӘНЕ БІРІЗДЕНДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Камшат Жұбатханова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Автор
  • Шерубай Құрманбайұлы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Автор
  • Ибрахим Шахин Эге университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.53360/3080-387X-2026-1-3(7)-%25p

Кілт сөздер:

биотехнология терминологиясы, қазақ ғылыми тілі, терминжасам, терминография, жиілік талдауы, жарыспалы термин, біріздендіру.

Аңдатпа

Мақалада қазақ тіліндегі биотехнология терминологиясының қалыптасу арналары мен қазіргі оқу-ғылыми қолданысы тарихи-лексикографиялық, салыстырмалы және жиілік талдау негізінде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – биотехнологиялық атаулардың қазақ ғылыми тілінде орнығу кезеңдерін айқындау, оқу-әдістемелік әдебиеттердегі терминдік қордың құрылымын сипаттау және жарыспалы атаулар мен анықтамаларды біріздендірудің негізгі бағыттарын ұсыну. Зерттеу материалы ретінде Алаш кезеңіндегі пән сөздері жөніндегі деректер, биология мен медицина терминографиясының материалдары, биотехнология саласындағы 14 оқу-әдістемелік еңбек, 485 бірлікті қамтитын үштілді терминологиялық сөздік және салалық терминологиялық ресурстар пайдаланылды. Корпустық тіркелімде 1422 термин мен 115 қысқарту, барлығы 1537 қолданыс белгіленді. Кемінде екі дереккөзде қайталанған терминдер саны 206, қысқартуларды қоса есептегенде 237 бірлікті құрады. Жиілік талдауында вектор, клон, ген, геном, гибридома, in vitro, in vivo, биотрансформация, клондау, мутация және плазмида тәрізді атаулардың терминологиялық өзек құрайтыны анықталды. Сонымен бірге клетка/жасуша/торша, ұлпа/тін, ақуыз/нәруыз, гибрид/будан тәрізді жарыспалы нұсқалар мен анықтамалардың әркелкілігі байқалды. Зерттеу нәтижелері қазақ тіліндегі биотехнология терминдерін ұғымға негізделген қағидамен жүйелеу, атау–анықтама–қысқарту–үштілді балама байланысын біріздендіру және салалық электрондық терминқор қалыптастыру қажеттігін көрсетеді.

8 1

Автор өмірбаяндары

  • Камшат Жұбатханова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    докторант, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан Республикасы, e-mail: Zhubathanova@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/0009-0007-6130-4445.

  • Шерубай Құрманбайұлы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан Республикасы; e-mail: sherubaykurmanbaiuly@gmail.com,  ORCID: https://orcid.org/0000-0002-4587-4452.

  • Ибрахим Шахин, Эге университеті

    философия докторы (PhD), Эге университетінің профессоры, Измир, Түркия, е-mail: ibrahim.sahin@ege.edu.tr, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-0167-2568.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 127

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.