МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ «БУДДА» АУДАРМАСЫ: ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ТРАНСФОРМАЦИЯ

Авторлар

  • Акмарал Смагулова Shakarim University Автор
  • Гүлнұр Мүрсәлім Alikhan Bokeikhan University Автор

Кілт сөздер:

М.Әуезов, Л.Толстой, аударма, будда, түпнұсқа, гуманизм, әуезовтану.

Аңдатпа

Мақалада Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің Лев Толстойдың «Будда» әңгімесін қазақ тіліне аударуының әдеби-тарихи, идеялық және көркемдік маңызы түрде талданады. Зерттеуде аударманың жазушының шығармашылық қалыптасуындағы орны, ағартушылық бағдарымен байланысы және гуманистік дүниетанымының эволюциясына ықпалы айқындалады. Сонымен қатар тәржіманың қазақ оқырманына тигізген әсері, ұлттық әдеби кеңістікте жаңа танымдық бағдар қалыптастырудағы қызметі сараланады.

Талдау барысында Толстой философиясындағы зорлық-зомбылыққа қарсы тұру, рухани кемелдену, адамгершілік құндылықтарды дәріптеу идеяларының Әуезов аудармасында берілу ерекшеліктері қарастырылады. Аудармашының түпнұсқа мәтінді ұлттық мәдени кодпен үйлестіру тәсілдері, көркемдік трансформация амалдары және стильдік шешімдері анықталады.

Мақалада тарихи-әдеби, салыстырмалы, мәтінтанулық және интерпретациялық әдістер қолданылып, Әуезов аудармасының қазақ әдебиетіндегі орны мен рухани мәдениетті дамытудағы маңызы ғылыми тұрғыда негізделеді. Зерттеу нәтижелері көркем аударма теориясын жетілдіруге, әуезовтану және аударматану салаларын тереңдетуге, жоғары оқу орындарындағы әдебиеттану пәндерін мазмұндық тұрғыдан байытуға және болашақ ғылыми ізденістерге әдіснамалық бағдар беруге мүмкіндік береді. Бұл материал гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеушілерге, магистранттарға, докторанттарға, оқытушыларға, әдебиет мұғалімдеріне, сондай-ақ ұлттық руханият мәселелеріне қызығушылық танытатын кең оқырман қауымға пайдалы дереккөз ретінде ұсынылады. Ал алынған тұжырымдар академиялық басылымдарда жариялауға, ғылыми жобаларда пайдалануға, конференцияларда талқылауға, пәнаралық зерттеулерге енгізуге және практикалық білім беру үдерісін жетілдіруге нақты негіз бола алады. Сондықтан мақала өзектілігімен ерекшеленіп, заманауи әдебиеттану талаптарына толық сәйкес келеді және ғылыми қауымдастықта қызығушылық тудырады бүгін қазір кеңінен болашақта.

0 0

Автор өмірбаяндары

  • Акмарал Смагулова, Shakarim University

     филология ғылымдарының кандидаты, «Шәкәрім университеті» КеАҚ «Абай және ұлттық руханият» ҒО жетекшісі, Қазақстан Республикасы, Семей, e-mail: akma.2000.2006@mail.ru, ORCID: 0000-0002-7509-7025.

  • Гүлнұр Мүрсәлім, Alikhan Bokeikhan University

    PhD,  Alikhan Bokeikhan University, Қазақстан Республикасы, Семей қ., e-mail: erowkan@mail.ru, ORCID: 0000-0002-7402-7885. 

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 87

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.