ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРДАҒЫ ЭТНОМӘДЕНИ ҚОЛДАНЫСТАР  («ҚОЗЫ КӨРПЕШ-БАЯН СҰЛУ» ДАСТАНЫ МЫСАЛЫНДА)

Авторлар

  • Гульнур Саганаева "Шәкәрім университеті" КеАҚ Автор
  • Бактыгуль Абдыханова "Шәкәрім университеті" КеАҚ Автор

DOI:

https://doi.org/10.53360/3080-387X-2026-1-2(6)-%25p

Кілт сөздер:

лингвомәдениеттану, ғашықтық дастан, этномәдени қолданыстар, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының тілі, Жанақ нұсқасы.

Аңдатпа

Бұл мақалада түркі халықтарына ортақ мұра «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» дастаны тілінде кездесетін этномәдени қолданыстардың ерекшеліктері, танымдық мәні қарастырылады. Көне ғашықтық жырлардың бірі болып табылатын бұл халық мұрасының ұлт тарихындағы өзіндік орны айқындалады. Зерттеу мақсаты – ғашықтық жырдың Жанақ нұсқасындағы тілдік ерекшеліктерін ұлт мәдениетімен, болмысымен байланыстыра анықтау, тілдің кумулятивтік қызметінің  маңыздылығына назар аудару. Авторлар дастандағы этномәдени қолданыстарды төрт семантикалық топқа жіктеп, талдайды. Атап айтқанда: 1) әдет-ғұрып, салт-дәстүрге қатысты атаулар; 2) топонимикалық атаулар; 3) антропонимикалық атаулар; 4) тұрмыстық зат атаулары (киім-кешек, зергерлік бұйымдар, қару, ыдыс т.б.) деген топтар анықталып, зерделенді. Ғашықтық дастаннан ұлттың рухани және материалдық мәдениетін құрайтын тілдік бірліктер теріліп, олардың қолданыс аясы, ерекшеліктері анықталды. Осылайша, лиро-эпостық жырдың тіл табиғатын, ұлт болмысын танытудағы рөлі таныла түсті. Авторлар дастан тілін талдау барысында салыстырмалы, лексика-семантикалық, этимологиялық, түсіндіру т.б. әдістерді қолданды. Зерттеу нәтижесінде ғашықтық жыр тілінде кездесетін этномәдени бірліктердің көпшілігі қазіргі тілдік қолданыста бар екендігі анықталып, ұрпақтар арасындағы сабақтастықтың тіл арқылы сақталатыны ашыла түсті. Сондай-ақ көнерген сөздер қатарын толықтырған кейбір этномәдени қолданыстардың шығу төркіні зерделеніп, көнеру себептері мен лексика-семантикалық жүйедегі орны айқындалды. Аталған мақала филологтарға, қазақ тілінің зерттелуіне қызығушылық танытатын көпшілік қауымға арналған. Сонымен бірге мақала нәтижелерін жоғары оқу орындарында «Лексикология және фразеология», «Лингвомәдениеттану», «Көркем мәтінге лингвистикалық талдау», «Халық ауыз әдебиеті» пәндерінде материал ретінде пайдалануға болады.

243 14

Автор өмірбаяндары

  • Гульнур Саганаева, "Шәкәрім университеті" КеАҚ

    филология ғылымдарының кандидаты, «Шәкәрім университеті» КеАҚ қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы, Семей, e-mail: gulnursaganaeva@gmail.com, ORCID: https://orcid.org/0000-0003-1538-5348.

  • Бактыгуль Абдыханова, "Шәкәрім университеті" КеАҚ

    PhD, «Шәкәрім университеті» КеАҚ шетел және орыс тілдері кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а., Қазақстан Республикасы, Семей, е-mail: аbdychanovab@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/0000-0001-8076-2336.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 83

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.