И.С. ТУРГЕНЕВТІҢ «ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕН МАХАББАТ ЖЫРЫ» ПОВЕСІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯ МЕН ТАБИҒАТТАН ТЫС ҚҰБЫЛЫСТАРДЫҢ ҚАТАР ӨМІР СҮРУІ

Авторлар

  • Марта Садовска Лодзь университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.53360/3080-387X-2026-1-2(6)-67-76

Кілт сөздер:

«Құпия» повестер, И.С. Тургенев, паранормалды құбылыстар, табиғаттан тыс құбылыстар, психология.

Аңдатпа

Зерттеуде сипаттамалық, мәдени-тарихи және психологиялық әдістер қолданылды. Жұмыста мистикалық және паранормалды элементтердің көркем баяндауға қалай кіріктірілетіні және олардың тек көркем метафораның құрамдас бөлігі ғана емес, сонымен қатар кейіпкерлердің ішкі әлемін ашудың маңызды құралы ретінде қызмет ететіні қарастырылады. Мақаланың мақсаты – И.С. Тургеневтің «Жеңіске жеткен махаббат жыры» повесіндегі психологиялық және табиғаттан тыс құбылыстардың өзара сабақтастығын кешенді түрде талдау. Тургенев қолданған табиғаттан тыс мотивтердің символикасына ерекше назар аударылып, олар кейіпкерлердің психологиялық үдерістері мен жасырын сезімдерін жеткізудің көркемдік тәсілі ретінде талданады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – шығармадағы паранормалды элементтердің тек оқиғалардың мистикалық табиғатының көрінісі ретінде ғана емес, кейіпкерлердің психикалық жай-күйінің көркем проекциясы ретінде де интерпретациялануында. Мұндай тәсіл повесть құрылымындағы ішкі және сыртқы әлемнің, шынайылық пен тылсымның өзара байланысына жаңаша көзқараспен қарауға, сондай-ақ Тургенев поэтикасындағы психологизм мен мистицизмнің терең сабақтастығын айқындауға мүмкіндік береді. Жүргізілген талдау мынадай қорытындылар жасауға мүмкіндік береді: Тургеневтің қарастырылған шығармасында психология мен табиғаттан тыс құбылыстар өзара тығыз байланысты; тылсым кейіпкерлердің ішкі әлемін ашуға ықпал етеді; табиғаттан тыс элементтер шығарманың психологизмін күшейтіп, оның көркемдік құрылымын тереңдете түседі, ал пайдаланылған мистикалық бейнелер (жылан, інжу, гипноз және т.б.) символдық қызмет атқарып, сюжетті тұтас композицияға біріктіреді.

0 0

Автор өмірбаяны

  • Марта Садовска, Лодзь университеті

    Шығыс Еуропа зерттеулері институты, Филология факультеті,
    Лодзь университеті, Лодзь, Польша, e-mail: marta.sadowska@edu.uni.lodz.pl, ORCID:
    https://orcid.org/0009-0007-5199-7524.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-07-06

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 106

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.