АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ УРБАНОНИМДІК КЕҢІСТІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН БРЕНДИНГТІК ЖӘНЕ ИМИДЖДІК ФАКТОРЛАР
DOI:
https://doi.org/10.53360/3080-3861-2026-2(6)-1Кілт сөздер:
урбаноним, урбанонимдік ландшафт, эргоним, қалалық интерьер, бренд, қала имиджі, қала брендингі.Аңдатпа
Мақалада Алматы мегаполисінің урбанонимдік жүйесіндегі кеңістік құраушы және қала имиджін айқындайтын танымал топонимдік нысан атаулары қарастырылады. Қаланың қалыптасуындағы сәулет өнері маңызды рөл атқарғанымен, оның қалай аталуы одан да маңызды болып келеді. Сондықтан сәулет теориясында сәулетші белгілі бір обьектімен емес, қоршаған ортамен жұмыс жасау мүмкіндігіне ие болады. Сәулетшінің жұмыс істейтін материалдық кеңістігіндегі нысандар жалпы қала кеңістігін қалыптастырады. Оны «қаланың бір бөлшегі», «урбанонимдік кеңістік», «қала кеңістігінің бөлшегі», «қала ландшафты», «қала интерьері», «қалалық пейзаж» деп әртүрлі атауға болады.
Алматы қаласы ономастиконының құрылымы, тарихи өзгерістері нақты деректермен көрсетіліп, қала имиджін қалыптастырып отырған нысан атаулары зерттелді. Жеке бренд болып қалыптасып отырған көптеген мәдени, этникалық нысандар өңір туризмін дамытып отыр. Ал оның атауы бренд болып қалыптасуға бірден бір әсер ететін фактор. Алматы қаласының келбеті заманауи бизнес орталықтар мен кеңестік постмодернизмді біріктіреді, осы көрініс қала ономастиконында да сипат табады. Әлемдік жаһандану салдарының Алматы қаласы нысан атауларына да әсері басым болып отырғандығын көреміз. Оның артықшылықтары мен кемшіліктері сөз болады. Алматы қаласын бренд етіп отырған соңғы кезеңдегі нысан атауларына талдау жасалды. Зерттеуде шаһардың топонимиясында айрықша мәдени-әлеуметтік орны бар атауларға шолу жасалып, бренд пен имиджік факторларды құруға негіз болып отырған себептерге талдау жасалған.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Дана Пашан, Қыздархан Рысберген, Дидар Садық (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді.
Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.