АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ МЕДИАДИСКУРСТАҒЫ КОГНИТИВТІК ДИССОНАНСТЫ АНЫҚТАУДАҒЫ ПІКІРЛЕРДІҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ
DOI:
https://doi.org/10.53360/3080-3861-2026-2(6)-6Кілт сөздер:
бұқаралық ақпарат құралдары, когнитивтік диссонанс, медиадискурс, пікірлер дискурсі, реципиент.Аңдатпа
Қазіргі оқиғалар туралы ақпарат алу кез келген заманауи адам үшін өте маңызды. Тиісінше, мұндай ақпарат көздерінің бірі ретінде БАҚ-тың рөлі орасан зор. Бұқаралық ақпарат құралдары ақпарат, білім береді, көңіл көтереді және сана мен мәдениеттің қалыптасуына ықпал етеді. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылатын тілді зерттеу қазіргі заманғы тіл білімінде маңызды және өзекті мәселе болып қала береді.
Берілген мақала ағылшын тіліндегі медиадискурс негізінде пікірлердің лингвистикалық әлеуеті арқылы когнитивтік диссонансты анықтауға арналған. Мақалада зерттеліп отырған мәселеге қатысты ғылыми еңбектерге шолу жасалып, осы бағытта еңбек еткен ғалымдардың көзқарастары қарастырылады. Қазіргі таңда медиадискурсты пікірлер дискурсімен бірлікте зерттеу өзекті мәселелердің бірі болып табылады, өйткені бұл белгілі бір медиамәтіннің адамдар тарапынан қалай қабылданатыны туралы толық түсінік алуға мүмкіндік береді. Зерттеуде «пікір», «когнитивтік диссонанс», «дискурс», «медиадискурс» деген ұғымдары қарастырылады. Ақпаратты қабылдаушылар жаңа ақпарат олардың санасында бұрыннан қалыптасқан түсініктерге сәйкес келмеген жағдайда когнитивтік диссонанс күйін бастан кешіруі мүмкін. Пайдаланушылар мұндай диссонансты әлеуметтік желілерде пікірлер жазу арқылы білдіреді. Сондай-ақ мақалада медиадискурс пен оған берілген пікірлердің мысалы ұсынылған. Зерттеу барысында келесі әдістер қолданылды: дискурстық талдау, контент-талдау және функционалдық-стилистикалық талдау.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Айжан Оспанова, Рахиля Гейбуллаева, Татьяна Шевякова (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді.
Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.