ҚАЗАҚ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛІКТЕРІН АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕ АУДАРУ: ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР

Авторлар

  • Тыныштык Ермекова Казахский национальный женский педагогический университет Автор
  • Ғайни Әзімова Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы Автор
  • Дидар Рысқұлбек Kazakh National Women’s Teacher Training University Автор

DOI:

https://doi.org/10.53360/3080-387X-2026-1-3(7)-220-235

Кілт сөздер:

этномәдени бірліктер, аудармадағы стратегиялар, мәдени адаптация, қазақша-ағылшынша аударма, кәсіби даму

Аңдатпа

 

Аталған мақалада қазақ тілінен ағылшын тіліне аударатын отыз екі аудармашының кәсіби тәжірибе деңгейі мен аудармада пайдаланатын стратегияларының арақатынасы қарастырылады. Аудармашылардың мәдени сипаттағы қазақи ұғымдарды аудармашылық тәжірибенің әр кезеңінде (1–3 жылдан 16 жылға дейінгі аралықтағы) қалай аударатындығы сауалнама нәтижелері мен аударма мысалдары көмегімен анықталып, оларға сандық, әрі сапалық (аралас зерттеу әдісі) талдау жасалады.

Зерттеу нәтижелерінен аудармаға жаңа қадам басқан аудармашыларға тән сөзбе-сөз аударма стратегияларының уақыт өте келе тәжірибелі мамандар мойындаған мақсаты айқын мәдени адаптацияға айналатындығын байқаймыз. Талдау қорытындысына сүйенсек, аударма барысында аудармашылардың этномәдени бірліктерді жиі кезіктіретінін және негізгі қиындық ұлттық колорит пен мәдени кодты сақтаумен байланысты екенін көреміз. Дәлме-дәл балама табылмаған жағдайда ұсынылатын тәсіл ретінде транслитерация мен функционалдық алмастыруға басымдық берілді. Сондай ақ, статистикалық өңдеу нәтижелері аудармашының кәсіби тәжірибесі мен пайдаланатын стратегияларының күрделілігі арасындағы күшті оң корреляцияны анықтады (r = 0,72; p < 0,001).

Зерттеу қорытындылары дәстүрлі аударма стратегияларын заманауи технологиялық құралдармен қатар қолданудың және аудармашыларды даярлау жүйесінде этномәдени құзыреттілікті мақсатты түрде қалыптастырудың маңызын айқындайды. Бұл зерттеу тәжірибеге негізделіп, кәсіби біліктілікті арттыруға арналған тұжырымдарды алға тартып, аударма ісін оқыту әдістемесіне өз үлесін қосады, аудармашыларды даярлау бағдарламаларын жетілдіруге бағытталған практикалық нұсқаулар ретін ұсынады.

20 2

Автор өмірбаяндары

  • Тыныштык Ермекова, Казахский национальный женский педагогический университет

    профессор, доктор филологических наук, Казахский национальный женский педагогический университет, Республика Казахстан, г. Алматы; e-mail: yermekovat@gmail.com, ORCID: https://orcid.org/0000-0003-1184-2679.

  • Ғайни Әзімова, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы

    аға оқытушы, аударма ісінің магистрі, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., e-mail: gaini.azim@gmail.com, ORCID: https://orcid.org/0000-0003-1809-2110.

  • Дидар Рысқұлбек, Kazakh National Women’s Teacher Training University

    аға оқытушы, PhD, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., e-mail: ryskulbekdidar2@gmail.com, ORCID: https://orcid.org/0000-0003-1075-4458.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Тіл және әдебиетті оқыту әдістемесі

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 124

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.