М.МАҒАУИННІҢ  «АЛАСАПЫРАН» РОМАН- ДИЛОГИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМ ТІЛ ИННОВАЦИЯСЫ

Авторлар

  • Эльмира Самекбаева Шәкәрім университеті Автор

Кілт сөздер:

стиль, парцеляция, перифраз, акротеза, метафора

Аңдатпа

Аңдатпа. Мақалада Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» роман- дилогиясының лингвостилистикалық ерекшеліктері ұлттық болмыстың көрінісі ретінде қарастырылады. Жұмыстың өзектілігі тарихи-мәдени өзгерістер жағдайында тілдің ұлттық сананы қалыптастыру мен нығайтудағы рөлін зерттеу қажеттілігінен туындап отыр. Зерттеудің мақсаты – М.Мағауин қолданған лексикалық, синтаксистік және стилистикалық құралдарды анықтау. Аласапыран дилогиясының идеялық-көркемдік мазмұнын түсіндіруде автор жұмсаған бейнелі - экспрессивті тілдік құралдар жеке-жеке талданады. Теңеу, метафора, эпитет, гипербола, перифраз, литота, акротеза, авторлық окказионализм, парцелляция, стилизация сияқты тәсілдердің дилогияда жазушының жеке концептуалды жүйесін жасау құралы ретінде автордың айтайын деген ойына қалай қызмет ететіні қарастырылды.

Мақаланың маңыздылығы - суреткер туындыларындағы тұрақты тіркестерді, көркем сөз қолданысын, олардың ұлттық әдеби тілдің қалыптасуына әсерін терең талдауында. Атап айтқанда, автордың жалпыхалықтық тілдің фразеологиялық құрамынан қажеттісін алып, оларды мүмкіндігінше түрлендіріп қолданғаны талданады. Жазушының афоризмдері де тілдік-стильдік сипаттар тұрғысынан анықталып, қарастырылады. Жұмыста лингвистикалық, семантикалық және лингвостилистикалық талдау әдістері қолданылады. 

Зерттеу нәтижесінде ұлттық бірегейлікті одан әрі зерттеуге жол  ашатын ұлттық сананы қалыптастыру үшін осы тілдік құралдардың маңыздылығы туралы қорытындылар жасалды.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-06-30

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.