Тайыр Жомартбаев шығармаларындағы Абайдың ағартушылық идеялары
Кілт сөздер:
тәрбиелік идея, жанр, поэзия, әдеби мұра, поэтикалық дәстүр, поэтикалық стиль, гуманизм.Аңдатпа
Мақалада Тайыр Жомартбаев шығармаларындағы оқуға, өнер-білімге, еңбекке талпынған жастарды ынталандыру, өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу мәселелері, сонымен қатар Абайдың тәлім-тәрбиелік идеяларын жалғастырудағы жазушының сабақтас рөлі қарастырылған.
Жастайынан жастарды өнерге, білімге құштарлыққа шақырып, Абай поэзиясын бойына сіңіріп өскен Т.Жомартбаевтың өзі Абай, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет сияқты ғұламалар қалыптастырып, дамытқан ой-өрісінің кеңдігін, гуманистік ой-пікірлері мен тәлім-тәрбиелік идеяларын қоршаған ортаға белсене сіңірген қаламгер екені белгілі.
Мақалада Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырған Т.Жомартбаевтың әдеби мұрасы қарастырылады. Оның Абай шығармаларынан нәр алып, ұлы ақынның поэзиясын жоғары бағалай отырып, Абай өлеңдерін халық арасында кеңінен таратуға, насихаттауға зор үлес қосқаны, ондағы тұнған тәрбиелік ойларды жан-жақты жүзеге асырғаны сөз болады.
Өнерді шын сүйіп, бағалайтындардың Абай сияқты ұлы тұлғаға еліктемеуі, үлгі тұтып сол жолға ұмтылмауы мүмкін еместігін ескерсек, Т.Жомартбаевтың бұл бастамадан қалыс қалмағанын, оның шығармалары арқылы көрініс бергенін көреміз. Ол үнемі Абай поэзиясын жоғары бағалаған, оның эстетикалық ұстанымдарын барынша ұстануға тырысқан ақындардың қатарында болды. Мақала авторы жазушының ұлы ақын идеяларын насихаттаудағы ауқымды жұмысына ерекше назар аударады. «Балаларға жеміс» кітабы оның негізгі тәрбиелік идеяларының көрінісі. Жинақтағы шығармалардың негізгі тақырыбы – тәрбие, тұлғаны дамыту, балалардың білімді берік меңгеруі. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қазақ ағартушылары айтқан тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері отаршылдық бұғауынан жапа шеккен езілген халықты оятқаны сөзсіз. Осы ағартушылардың ішінде гуманист Тайыр Жомартбаевтың есімін атауымызға болады.
Қосымша файлдар
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Журналдың редакциясы Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңын және тиісті халықаралық шарттарды басшылыққа алады. Авторлар өздерінің авторлық құқықтарын сақтайды және «Шәкәрім университетінің хабаршысы. «Тарих ғылымдары сериясы» журналына қолжазбаның алғашқы жариялану құқығығын береді. Автор журналға тиісті сілтеме жасаған жағдайда материалды кез келген тасымалдағышта және кез келген форматта көшіруге және таратуға құқылы. Оқырмандар мен пайдаланушылар жұмыстың авторы көрсетілген және осы журналға сілтеме берілген жағдайда материалды еркін көшіріп, тарата және қолдана алады. Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді. Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді.
Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.