ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ГЕНДЕРЛІК ЛИНГВИСТИКАНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кілт сөздер:
Гендерлік лингвистика, гендерлік стереотиптер, әлеуметтік рөлдер, лексикалық бірліктер, мәдениетаралық салыстыру, гендерлік нормалар, тіл білімі.Аңдатпа
Бұл мақалада қазақ тіл біліміндегі гендерлік лингвистика саласының даму ерекшеліктері зерттеледі. Гендерлік лингвистика — тіл ғылымының жаңадан қалыптасып келе жатқан саласы ретінде қазақ тілінде әйелдер мен ерлердің тілдік мінез-құлықтарының ерекшеліктерін, гендерлік стереотиптер мен әлеуметтік рөлдерді анықтауды мақсат етеді. Мақаланың негізгі мақсаты — қазақ тіліндегі гендерлік лингвистикалық құбылыстарды анықтап, олардың дамуы мен қазіргі жағдайын зерттеу. Зерттеу барысында қазақ тілінің гендерлік ерекшеліктері мен құрылымдық аспектілері салыстырмалы түрде талданады. Әсіресе, әйелдер мен ерлерге қатысты қолданылатын лексикалық бірліктер, фразеологизмдер мен метафоралар терең талқыланып, олардың тілде қандай рөл атқаратыны, уақыт пен кеңістік бойынша өзгеру динамикасы зерттеледі. Сондай-ақ, гендерлік нормалардың мәдениетаралық аспектерін зерттеуге ерекше назар аударылады. Бұл қазақ тіліндегі гендерлік құбылыстарды басқа тілдер мен мәдениеттердің контексінде қарастыруға мүмкіндік береді. Зерттеу әдістері ретінде талдау, салыстыру, және анализ жасау әдістері қолданылады. Қазақ тіл білімін зерттеушілердің еңбектеріне сүйене отырып, гендерлік лингвистиканың теориялық негіздері мен практикалық аспектілері қарастырылады. Бұл жұмыс қазақ тіліндегі гендерлік аспектілердің дамуы мен өзгерістерін айқындауға және осы саладағы болашақ зерттеулердің бағыттарын белгілеуге септігін тигізеді.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Журналдың редакциясы Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңын және тиісті халықаралық шарттарды басшылыққа алады. Авторлар өздерінің авторлық құқықтарын сақтайды және «Шәкәрім университетінің хабаршысы. «Тарих ғылымдары сериясы» журналына қолжазбаның алғашқы жариялану құқығығын береді. Автор журналға тиісті сілтеме жасаған жағдайда материалды кез келген тасымалдағышта және кез келген форматта көшіруге және таратуға құқылы. Оқырмандар мен пайдаланушылар жұмыстың авторы көрсетілген және осы журналға сілтеме берілген жағдайда материалды еркін көшіріп, тарата және қолдана алады. Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді. Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді.
Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.