ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ГЕНДЕРЛІК ЛИНГВИСТИКАНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Yazarlar

  • Анель Жұмағазыева НАО «Шәкәрім Университет» Yazar
  • Ғалия Түсіпбекова "Шәкәрім университеті" КеАҚ Yazar

Anahtar Kelimeler:

Гендерлік лингвистика, гендерлік стереотиптер, әлеуметтік рөлдер, лексикалық бірліктер, мәдениетаралық салыстыру, гендерлік нормалар, тіл білімі.

Öz

Бұл мақалада қазақ тіл біліміндегі гендерлік лингвистика саласының даму ерекшеліктері зерттеледі. Гендерлік лингвистика — тіл ғылымының жаңадан қалыптасып келе жатқан саласы ретінде қазақ тілінде әйелдер мен ерлердің тілдік мінез-құлықтарының ерекшеліктерін, гендерлік стереотиптер мен әлеуметтік рөлдерді анықтауды мақсат етеді. Мақаланың негізгі мақсаты — қазақ тіліндегі гендерлік лингвистикалық құбылыстарды анықтап, олардың дамуы мен қазіргі жағдайын зерттеу. Зерттеу барысында қазақ тілінің гендерлік ерекшеліктері мен құрылымдық аспектілері салыстырмалы түрде талданады. Әсіресе, әйелдер мен ерлерге қатысты қолданылатын лексикалық бірліктер, фразеологизмдер мен метафоралар терең талқыланып, олардың тілде қандай рөл атқаратыны, уақыт пен кеңістік бойынша өзгеру динамикасы зерттеледі. Сондай-ақ, гендерлік нормалардың мәдениетаралық аспектерін зерттеуге ерекше назар аударылады. Бұл қазақ тіліндегі гендерлік құбылыстарды басқа тілдер мен мәдениеттердің контексінде қарастыруға мүмкіндік береді. Зерттеу әдістері ретінде талдау, салыстыру, және анализ жасау әдістері қолданылады. Қазақ тіл білімін зерттеушілердің  еңбектеріне сүйене отырып, гендерлік лингвистиканың теориялық негіздері мен практикалық аспектілері қарастырылады. Бұл жұмыс қазақ тіліндегі гендерлік аспектілердің дамуы мен өзгерістерін айқындауға және осы саладағы болашақ зерттеулердің бағыттарын белгілеуге септігін тигізеді.

563 187

Yazar Biyografileri

  • Анель Жұмағазыева, НАО «Шәкәрім Университет»

    Жұмағазыева Анель Асетқызы* – «Шәкәрім университеті» КеАҚ-ның магистранты, e-mail: anelzhumagazieva09@mail.ru, Orcid: 0009-0000-8894-2016.

  • Ғалия Түсіпбекова, "Шәкәрім университеті" КеАҚ

    Түсіпбекова Ғалия Ауытқызы – филология ғылымдарының кандидаты, «Шәкәрім университеті» КеАҚ қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, e-mail: autovna67@mail.ru, Orcid: 0000-0003-2200-5614.

Yayınlanmış

2025-09-30

Nasıl Atıf Yapılır

ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ГЕНДЕРЛІК ЛИНГВИСТИКАНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. (2025). Вестник Университета Шакарима. Серия филология., 3(3), 44-52. https://philological.vestnik.shakarim.kz/index.php/my/article/view/64

Benzer Makaleler

1-10 : 62

Bu makale için ayrıca gelişmiş bir benzerlik araması başlat yapabilirsiniz.