ӘДЕБИЕТТЕГІ ЖАСАНДЫ ЗИЯТ: ПРОЗАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР
DOI:
https://doi.org/10.53360/3080-3861-2025-4(4)-18Кілт сөздер:
жасанды зият; көркем әдебиет; цифрлық технологиялар; әдеби талдау; прозалық шығармаларАңдатпа
Қазіргі білім беру жүйесінде жасанды зият (ЖЗ) білім алушылардың әдеби шығармаларды қабылдау, түсіну және талдау дағдыларын дамытуда маңызды құрал ретінде қолданыла бастады. Мақалада прозалық шығармаларды оқыту барысында жасанды зиятты пайдаланудың бірқатар тиімді бағыттары жан-жақты қарастырылады. Біріншіден, ол мәтіндегі көркемдеуіш құралдарды (метафора, эпитет, теңеу, гипербола, литота, метонимия, синекдоха) автоматты түрде анықтап, студенттердің шығарманың бейнелік қуатын саналы түрде ұғынуына көмектеседі. Екіншіден, статистикалық талдау әдістері арқылы сөздердің қолданылу жиілігі, мәтіндегі негізгі концепт сөздер мен авторлық стильдің сандық тұрғыда ерекшелігі айқындалады. Үшіншіден, прозалық мәтіндерді иллюстрациялау студенттердің қиялын дамытып қана қоймай, мәтін мазмұнын көрнекі тұрғыда қабылдауына ықпал етеді. Сонымен қатар, ЖЗ түсіндірме сөздік қызметін атқарып, шығармаларда сирек кездесетін немесе көнерген сөздердің мағынасын ашып, білім алушылардың әдеби мәтінді тереңірек түсінуіне жағдай жасайды. Бұдан бөлек, ЖЗ негізінде әртүрлі тапсырмалар жасалып, студенттердің шығарманы қаншалықты меңгергенін тексерудің жаңа жолдары ұсынылады. Мұндай мүмкіндіктер студенттердің әдеби талдау қабілеттерін жетілдіріп қана қоймай, олардың сыни ойлау дағдыларын, сөздік қорын, мәдени құзыреттілігін арттырады. Нәтижесінде, жасанды зият дәстүрлі әдеби білім беруді жаңа ғылыми және цифрлық деңгейге көтеретін пәрменді құрал ретінде көрінеді.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Раушан Сабырбаева, Флера Сайфулина (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді.
Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.