ҒАБИДЕН МҰСТАФИН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ДӘУІР ШЫНДЫҒЫ ЖӘНЕ КӨРКЕМ БЕЙНЕ МӘСЕЛЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.53360/3080-387X-2026-1-3(7)-%25pКілт сөздер:
Ғабиден Мұстафин, кеңестік проза, реализм, көркемдік әдіс, типтендіру, қазақ романы, көркемдік шындық.Аңдатпа
Мақалада қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Ғабиден Мұстафин шығармашылығындағы дәуір шындығы мен көркем бейне арақатынасы зерттеледі. Зерттеу нысаны ретінде жазушының «Шығанақ» және «Миллионер» романдары алынып, олардағы кеңестік кезеңнің тарихи-әлеуметтік өзгерістері, ескі мен жаңаның тартысы және еңбек адамының көркем тұлғасы талданады. Зерттеудің мақсаты – қоғамдық өзгерістер мен адам тағдырының бейнелену ерекшеліктерін айқындау арқылы қаламгердің идеялық-эстетикалық ұстанымы мен суреткерлік даралығын анықтау. Жұмыста салыстырмалы-тарихи және герменевтикалық талдау әдістері қолданылып, Ғ. Мұстафиннің әдеби-сын мақалалары, сондай-ақ С. Қирабаев, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов және М.Б. Храпченко еңбектеріндегі теориялық тұжырымдар басшылыққа алынды. Зерттеу нәтижесінде «Шығанақ» романында ауыл өміріндегі әлеуметтік өзгерістер мен ұжымдық еңбек үдерісі, ал «Миллионер» романында жаңа қоғамдық қатынастарға бейімделу мен іскер басшы тұлғасының қалыптасуы көркемдік тұрғыдан жинақталғаны анықталды. Жомарт, Жақып және Жанат бейнелері арқылы жазушы кеңестік идеология талаптары мен өмір шындығының күрделі байланысын көрсетіп, кейіпкерлердің адамгершілік, адалдық, еңбекқорлық, іскерлік және жауапкершілік қасиеттерін қоғамдық өзгерістер аясында ашады. Қорытындыда Ғ. Мұстафин прозасының кеңестік идеологиялық шеңбермен ғана шектелмей, ұлттық болмысты, халықтың тарихи тағдырын және адам психологиясын бейнелеуімен құнды екені тұжырымдалады.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді.
Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.