ҒАБИДЕН МҰСТАФИН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ДӘУІР ШЫНДЫҒЫ ЖӘНЕ КӨРКЕМ БЕЙНЕ МӘСЕЛЕСІ

Yazarlar

  • Балтабай Әбдіғазиұлы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Yazar
  • Айман Токсамбаева «Шәкәрім университеті» КеАҚ Yazar

DOI:

https://doi.org/10.53360/3080-387X-2026-1-3(7)-%25p

Anahtar Kelimeler:

Ғабиден Мұстафин, кеңестік проза, реализм, көркемдік әдіс, типтендіру, қазақ романы, көркемдік шындық.

Öz

Мақалада қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Ғабиден Мұстафин шығармашылығындағы дәуір шындығы мен көркем бейне арақатынасы зерттеледі. Зерттеу нысаны ретінде жазушының «Шығанақ» және «Миллионер» романдары алынып, олардағы кеңестік кезеңнің тарихи-әлеуметтік өзгерістері, ескі мен жаңаның тартысы және еңбек адамының көркем тұлғасы талданады. Зерттеудің мақсаты – қоғамдық өзгерістер мен адам тағдырының бейнелену ерекшеліктерін айқындау арқылы қаламгердің идеялық-эстетикалық ұстанымы мен суреткерлік даралығын анықтау. Жұмыста салыстырмалы-тарихи және герменевтикалық талдау әдістері қолданылып, Ғ. Мұстафиннің әдеби-сын мақалалары, сондай-ақ С. Қирабаев, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов және М.Б. Храпченко еңбектеріндегі теориялық тұжырымдар басшылыққа алынды. Зерттеу нәтижесінде «Шығанақ» романында ауыл өміріндегі әлеуметтік өзгерістер мен ұжымдық еңбек үдерісі, ал «Миллионер» романында жаңа қоғамдық қатынастарға бейімделу мен іскер басшы тұлғасының қалыптасуы көркемдік тұрғыдан жинақталғаны анықталды. Жомарт, Жақып және Жанат бейнелері арқылы жазушы кеңестік идеология талаптары мен өмір шындығының күрделі байланысын көрсетіп, кейіпкерлердің адамгершілік, адалдық, еңбекқорлық, іскерлік және жауапкершілік қасиеттерін қоғамдық өзгерістер аясында ашады. Қорытындыда Ғ. Мұстафин прозасының кеңестік идеологиялық шеңбермен ғана шектелмей, ұлттық болмысты, халықтың тарихи тағдырын және адам психологиясын бейнелеуімен құнды екені тұжырымдалады.

22 2

Yazar Biyografileri

  • Балтабай Әбдіғазиұлы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

    филология ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, е-mail: b.abdigaziuli@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/ 0000-0002-4191-0831.

  • Айман Токсамбаева, «Шәкәрім университеті» КеАҚ

    филология ғылымдарының кандидаты, профессор. «Шәкәрім университеті» КеАҚ қазақ филологиясы кафедрасы, е-mail: aiman-63@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-8744-2615.

Yayınlanmış

2026-09-30

Nasıl Atıf Yapılır

Әбдіғазиұлы, Б., & Токсамбаева, А. (2026). ҒАБИДЕН МҰСТАФИН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ДӘУІР ШЫНДЫҒЫ ЖӘНЕ КӨРКЕМ БЕЙНЕ МӘСЕЛЕСІ. ŞAKARIM ÜNIVERSITESI BÜLTENI. FILOLOJI SERISI, 1(3(7), 135-143. https://doi.org/10.53360/3080-387X-2026-1-3(7)-%p

Benzer Makaleler

1-10 : 92

Bu makale için ayrıca gelişmiş bir benzerlik araması başlat yapabilirsiniz.