ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ ИНТЕРНЕТ ЛЕКСИКАСЫНЫҢ ФОНЕТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.53360/3080-3861-2025-4(4)-7Anahtar Kelimeler:
интернет, интернет тілі, интернет-лексика, фонетикалық деңгей, графика, дыбыс.Öz
Мақалада қазіргі қазақ тілі интернет-лексикасының фонетикалық деңгейіндегі құбылыстар жүйеленіп талданды. Зерттеу нысаны ретінде Бүкіләлемдік тордағы (World Wide Web, қысқаша WWW) қазақ тілді веб-сайттар мен әлеуметтік желілерден және соңғы жылдары жиі қолданылып жүрген мессенджерлерден (Whats app, Telegram) мысалдар алынды. Зерттеу барысында бақылау және жинақтау, салыстырмалы талдау, сипаттамалық әдістер қолданылды. Зерттеу нәтижесі ғаламтор кеңістігінде тілдің жаңа қолданыс түрлерінің пайда болып, ауызекі сөйлеу тілі мен жазба тілінің араласуын, нәтижесінде жаңа құбылыстардың кеңінен таралғанын көрсетті. Интернет тілінің фонетикалық деңгейінде сөздер жиі дыбыстық ықшамдалуға, немесе керісінше, адамның эмоциясын жазбаша жеткізу мақсатында графемалардың қайталануы сияқты өзгерістерге ұшыраған. Сонымен қатар, латын әріптерінің белсенді қолданылуы мен шет тілдік дыбыстардың игерілуі қазақ тілді ғаламтор кеңістігінде фонетикалық бейімделудің жаңа деңгейін байқатып отыр. Мақалада осы аталған құбылыстарға мысалдар келтіріліп, себептері түсіндірілді. Олардың заманауи тілге әсері мен жазу мәдениетіне ықпалы қарастырылды. Қорытындылап келгенде, қазақ тілі интернет-лексикасының фонетикалық деңгейі тілдің табиғи дамуының тағы бір қадамы екені байқалды. Өз кезегінде қазақ тілінің өзгерістерге бейімділігін, үнемі дамып-жетіліп отыратын жүйе екендігін дәлелдеді.
İndir
Yayınlanmış
Sayı
Bölüm
Lisans
Telif Hakkı (c) 2025 Журналдың редакциясы Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңын және тиісті халықаралық шарттарды басшылыққа алады. Авторлар өздерінің авторлық құқықтарын сақтайды және «Шәкәрім университетінің хабаршысы. «Тарих ғылымдары сериясы» журналына қолжазбаның алғашқы жариялану құқығығын береді. Автор журналға тиісті сілтеме жасаған жағдайда материалды кез келген тасымалдағышта және кез келген форматта көшіруге және таратуға құқылы. Оқырмандар мен пайдаланушылар жұмыстың авторы көрсетілген және осы журналға сілтеме берілген жағдайда материалды еркін көшіріп, тарата және қолдана алады. Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді. Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.

Bu çalışma Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License ile lisanslanmıştır.
Copyright presupposes the integrity and responsibility of each co-author who made a significant contribution to the writing of the article.
The author has the right to store his publications in an institutional or other repository of his choice, provided he provides the appropriate link to the journal’s website.