ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ ҚАСІРЕТІ

Yazarlar

  • Алтынай Дюсешова Shakarim University Yazar

Anahtar Kelimeler:

Семей полигоны, атом бомбасы, ұлттық мүдде, әдеби зерттеу, экология.

Öz

Бұл мақалада қазақ әдебиетіндегі Семей ядролық сынақ полигоны тақырыбы мен оның көркемдік интерпретациясы талданады. Зерттеудің негізгі мақсаты – ядролық апаттың адамзат тағдырына, табиғатқа және ұлттық руханиятқа тигізген әсерін әдеби шығармалар арқылы көрсету, сонымен қатар экологиялық ойдың әдебиеттегі көрінісін айқындау. Семей полигоны тек Қазақстан тарихындағы экологиялық апат емес, бүкіл адамзаттың ортақ қасіреті ретінде қарастырылады. Мақалада Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» драмасы, М. Әуезовтің «Жапон күнделіктері», Ғ. Мүсіреповтің «Жапон балладасы» және Р. Нұрғалидың «Аяқталмаған трагедия» сияқты туындылары талдау нысанына алынған. Бұл шығармаларда полигонның адам мен табиғатқа әкелген зардаптары, рухани күйзеліс пен моральдық жауапкершілік мәселесі көркем түрде бейнеленеді. Әр қаламгер өз туындысында экологиялық қасіретті ұлттық тағдырмен, адамгершілік пен гуманизм идеяларымен сабақтастыра суреттейді.

Салыстырмалы талдау негізінде қазақ әдебиетінің бұл бағыттағы ізденістері әлемдік әдебиет үлгілерімен байланыста қарастырылады. Г. Уэллстің «Босатылған әлем» және М. Оданың «Хиросима» романдары, сондай-ақ Ф. Коммотидің ғылыми еңбектерімен салыстыру нәтижесінде ядролық апаттың көркем бейнеленуіндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар айқындалды.

Зерттеу барысында салыстырмалы, құрылымдық және мазмұндық талдау әдістері қолданылып, қазақ қаламгерлерінің туындыларындағы экологиялық сана, ұлттық жады және адамзаттық құндылықтар арасындағы байланыс ашылды. Қорытындыда Семей полигоны туралы шығармалар ұлттың тарихи жадын сақтаудың, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың және гуманистік идеяларды дәріптеудің маңызды көркем үлгісі екені атап өтіледі.

461 130

Yayınlanmış

2025-12-27

Nasıl Atıf Yapılır

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ ҚАСІРЕТІ. (2025). Вестник Университета Шакарима. Серия филология., 4(4), 112-120. https://philological.vestnik.shakarim.kz/index.php/my/article/view/110

Benzer Makaleler

1-10 : 78

Bu makale için ayrıca gelişmiş bir benzerlik araması başlat yapabilirsiniz.