ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ЕСКІЛІК ПЕН ЖАҢА ОЙДЫҢ ҚАҚТЫҒЫСЫ: «ҚАЛҚАМАН-МАМЫР» МЕН «ЕҢЛІК-КЕБЕК» МЫСАЛЫНДА
DOI:
https://doi.org/10.53360/3080-3861-2025-4(4)-13Anahtar Kelimeler:
Шәкәрім Құдайбердіұлы, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», еркіндік, мораль, гуманизм, философиялық поэзия.Öz
Бұл мақалада қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» және «Еңлік-Кебек» поэмалары негізінде дәстүр мен жаңашылдық ұғымдарының өзара байланысы тереңінен қарастырылады. Автор шығармаларды талдау арқылы ақынның қоғамдағы моральдық және рухани құндылықтарға көзқарасын, адам тағдыры мен еркіндік мәселесіне деген философиялық ой-толғанысын айқындайды. Поэмалардағы ескі салт пен рулық қатынастардың шектеуші сипаты мен жеке тұлғаның еркіндікке ұмтылысы арасындағы қайшылықтар көркемдік тұрғыдан ашылады. Зерттеу барысында тарихи-салыстырмалы, текстологиялық және герменевтикалық әдістер қолданылып, шығармалардың идеялық мазмұны, көркемдік жүйесі мен композициялық құрылымы жан-жақты сарапталады. Шәкәрімнің бұл туындылары қазақ қоғамындағы әлеуметтік-рухани жаңғыру үдерісін бейнелей отырып, гуманистік және этикалық құндылықтарды дәріптейді. Ақын дәстүрлі эпикалық поэтика шеңберін кеңейтіп, адам болмысы, махаббат пен адалдық, әділет пен ар ұғымдарын жаңа философиялық деңгейде пайымдайды. Мақалада сонымен қатар Шәкәрімнің шығармашылық эволюциясы мен оның Абай дәстүрін жалғастырудағы рөлі де айқындалады. Зерттеу нәтижесінде «Қалқаман-Мамыр» мен «Еңлік-Кебек» поэмаларының қазақ әдебиетіндегі жаңашылдық бастауы ретіндегі маңызы дәлелденеді. Шәкәрім шығармашылығындағы гуманистік идеялар мен адам еркіндігі туралы ойлар бүгінгі заман әдебиеттануы үшін де өзекті болып қала беретіні атап көрсетіледі.
İndir
Yayınlanmış
Sayı
Bölüm
Lisans
Telif Hakkı (c) 2025 Алмас Оралбек- Нұржұма Елесбай (Yazar)

Bu çalışma Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License ile lisanslanmıştır.
Copyright presupposes the integrity and responsibility of each co-author who made a significant contribution to the writing of the article.
The author has the right to store his publications in an institutional or other repository of his choice, provided he provides the appropriate link to the journal’s website.