ШӘКӘРІМ ТІЛІНДЕГІ АБАЙ ДӘСТҮРІНІҢ КӨРІНІСІ

Yazarlar

  • Каныш Бибеков Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Yazar

Anahtar Kelimeler:

Абай дәстүрі- Шәкәрім поэзиясы- поэтикалық тіл- лингвопоэтикалық талдау- тілдік тұлға- дәстүр мен жаңашылдық

Öz

Бұл мақала Абай қалыптастырған поэтикалық тілдік дәстүрдің Шәкәрім шығармашылығында қалай жалғастырылып, жаңа сапалық деңгейге көтерілгенін анықтауға арналған. Зерттеу нысаны ретінде Абай мен Шәкәрім поэзиясының тілдік ерекшеліктері, олардың композициялық-стилистикалық құрылымы және көркемдік-эстетикалық жүйесі алынды. Зерттеуде сипаттамалы талдау, салыстырмалы әдіс, лингвопоэтикалық талдау, семантикалық модельдеу тәсілдері қолданылып, өлең тіліндегі тілдік бірліктердің стильдік және мағыналық трансформациясы қарастырылды.

Зерттеу нәтижелері Абай дәстүрінің Шәкәрім поэзиясында әр қырынан жалғасын тапқанын көрсетті: Шәкәрім халықтық тіл элементтерін жаңаша өңдеп, тұрақты образдарды жаңа семантикалық реңктермен толықтырады; аллитерация, ассонанс, анафора, эпифора сияқты көркемдік тәсілдерді стильдік мақсатта шебер қолданады; дерексіз ұғымдарды деректендіріп, тілдің бейнелеу мүмкіндіктерін кеңейтеді; жаңа метафоралық құрылымдар, синкреттік тіркестер жасайды. Шәкәрімде поэтикалық тілдің эстетикалық табиғаты автордың рухани-этикалық ұстанымымен ұштасып, тілдік тұлға ретінде оның дара стилін қалыптастырады.

Зерттеу нәтижелері қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдықтың тоғысын, Абай мектебінің тарихи-эстетикалық жалғастығын нақты тілдік деректер арқылы айқындауға мүмкіндік береді. Мақала поэтикалық тілдің дамуын түсіндіруге, лингвопоэтикалық талдау әдістерін жетілдіруге және әдебиеттегі тілдік тұлға мәселесін зерттеуге теориялық және тәжірибелік тұрғыдан үлес қосады.

372 75

Yayınlanmış

2025-12-27

Nasıl Atıf Yapılır

ШӘКӘРІМ ТІЛІНДЕГІ АБАЙ ДӘСТҮРІНІҢ КӨРІНІСІ. (2025). Вестник Университета Шакарима. Серия филология., 4(4), 6-15. https://philological.vestnik.shakarim.kz/index.php/my/article/view/137

Benzer Makaleler

1-10 : 87

Bu makale için ayrıca gelişmiş bir benzerlik araması başlat yapabilirsiniz.