ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҰЛТТЫҚ КОРПУСТЫ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.53360/3080-3861-2025-4(4)-23Anahtar Kelimeler:
ұлттық корпус, тілдік бағдар, сөйлесім дағдылары, грамматикалық форма, диалог.Öz
Бұл мақалада қазақ тілінің ұлттық корпусын мектепте қазақ тілі сабағында қолданудың әдістемелік қырынан қарастырылып, теориялық және практикалық маңызы талданды. Ұлттық корпус арқылы оқушының сөйлесім дағдыларын, атап айтқанда, оқылым, айтылым, тыңдалым және жазылым әрекеттерін дамыту мен тілдік бағдарды қалыптастырудағы тиімділігі көрсетіледі. Зерттеу барысында ұлттық корпустың табиғи тілдік деректерді ұсынатыны, оқушыларға берілген мәтін құрылымы арқылы сөздердің мағынасын түсінуге, грамматикалық формалардың қызметін байқауға, сөйлеудің стильдік және коммуникативтік ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік беретіні анықталды. Сонымен қатар, корпустағы материалдар оқушыларға диалогтің құрылымын меңгертуге, сөздерді дұрыс қолдануға, фразеологиялық бірліктерді түсінуге жағдай жасайды. Сонымен қатар тілдік бағдарды дамытуда корпус білім алушылардың тіл заңдылықтарын өздігінен табу, салыстыру, қорытындылау қабілеттерін дамыту арқылы зерттеушілік қабілеттерін қалыптастырады. Зерттеу жұмысы корпустың тілдік құзыреттілікті арттыруда, сөйлеу мәдениеті мен зерттеушілік дағдыны дамытуда маңызды құрал екенін көрсетті. Мақалада корпусты пайдалану арқылы екі негізгі бағытқа – сөйлесім әрекетін дамыту мен тілдік бағдарды қалыптастыруға назар аударылды. Зерттеу нәтижелері ұлттық корпусты жүйелі қолдану оқушылардың тілдік құзыреттілігін, сөйлеу мәдениетін, зерттеушілік дағдыларын айтарлықтай күшейтетініне көз жеткізді.
İndir
Yayınlanmış
Sayı
Bölüm
Lisans
Telif Hakkı (c) 2025 Айгерім Айтқазинова (Yazar)

Bu çalışma Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License ile lisanslanmıştır.
Copyright presupposes the integrity and responsibility of each co-author who made a significant contribution to the writing of the article.
The author has the right to store his publications in an institutional or other repository of his choice, provided he provides the appropriate link to the journal’s website.