КӨРКЕМ МӘТІНДЕГІ СЕНТЕНЦИЯ (ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ МӘНДІ СӨЗДЕРІ НЕГІЗІНДЕ)
DOI:
https://doi.org/10.53360/3080-3861-2026-1(5)-2Anahtar Kelimeler:
Шәкәрім Құдайбердіұлы, көркем мәтін, мәнді сөздер, сентенция, мәтін лингвистикасы, тілдік тұлғаÖz
Мәтін – логикалық, грамматикалық, мағыналық байланыстарға негізделген, тиянақты мазмұнға ие біртұтас қарым-қатынас бірлігі. Сондықтан мәтіннің құрылысын, белгілі бір кеңістік пен уақыт шеңберінде өмір сүру заңдылықтарын айқындау маңызды. Көркем мәтіндерде ашық та, жасырын келетін мәтін түзуші бірліктерді зерттеу үлкен мәнге ие. Мәтінде автор өзінің айтайын деген ойын, белгілі бір мазмұнды беру үшін қандай да бір тілдік маркерлерді пайдаланады. Көркем мәтінде ерекше мазмұндық, әсерлілік сипаты бар сөйлемдер шоғыры сентенцияның қызметін тану тілдік қолданыста қажеттілік тудырады. Әрі бүгінгі көркем мәтін лингвистикасындағы талдаулар тілдік тұлғаның мәдени-әлеуметтік және ұлттық аспектідегі көрінісімен байланысты қарастырылады. Осы ретте Шәкәрім Құдайбердіұлының мәнді сөздері негізінде көркем мәтінде сентенцияның қолданысы мен тыңдаушыға прагматикалық ықпалын көрсету мақсаты қойылды.
Көркем мәтінді талдаудың лингвистикалық аспектісі сөздің эстетикалық, поэтикалық қуатын сезіну, түсіну арқылы өзіндік пайымдаулар жасау тұрғысынан практикалық маңыздылығы зор. Мәтін түрлерін лингвистикалық талдау қалыптасқан әдіснамаға сүйенеді. Зерттеу тақырыбына орай бақылау әдісі қолданылды. Қазіргі тіл білімінде көтеріліп жүрген жаңа бағыттар мен ізденістердің нәтижелерін мәтін талдау барысында қолданудың маңыздылығы мен қажеттілігі зор болмақ.
İndir
Yayınlanmış
Sayı
Bölüm
Lisans
Telif Hakkı (c) 2026 Алия Жумагулова (Yazar)

Bu çalışma Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License ile lisanslanmıştır.
Copyright presupposes the integrity and responsibility of each co-author who made a significant contribution to the writing of the article.
The author has the right to store his publications in an institutional or other repository of his choice, provided he provides the appropriate link to the journal’s website.