АБАЙТАНУДЫҢ ӨЗЕКТІ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ

Yazarlar

  • Айман Актанова ЕНУ имени Л.Н.Гумилева Yazar
  • Жандос Әубәкір Л.Н. Гумилев атындағы ЕНУ Yazar

Anahtar Kelimeler:

абайтану, білім беру жүйесі, ғылыми-теориялық негіздер, оқыту әдістемесі, әдебиеттану.

Öz

Мақалада Абай Құнанбайұлының әдеби-философиялық мұрасын оқытудың ғылыми-теориялық негіздері мен тәжірибелік мәселелері  қарастырылған. Абай шығармашылығын меңгертудің әдебиеттанулық, философиялық, педагогикалық және мәдениеттанулық қырлары жүйеленіп, пәнді оқытудың теориялық ұстанымдары айқындалған. Сонымен қатар, абайтанудың дербес ғылыми сала ретіндегі қалыптасуы мен оның білім беру жүйесіндегі орны сараланған. Заман талабына сай Абай Құнанбайұлының мол мұрасын жас ұрпаққа жеткізудің инновациялық жолдары жоғары білім беру жүйесіндегі ерекшелігі мен орта білім беруде ақын мұрасын оқытудағы сабақтастығы дәйектеліп берілген. Бұл өзара байланыстың бүгінгі күні біраз алшақтау  кетуінің себептері мен қазіргі салдарлары да мақалада нақтылы мысалдармен дәлелді түрде көрсетілген. Мақала авторлары оқытудың қалыптасқан және қазіргі цифрлық технологиялар арқылы ақын мұрасын танытудың жолдарын көрсеткен. Абай Құнанбайұлы шығармашылығын оқытудағы өзекті бағыттарды да ғылыми негіздеп, әдіснамалық тұғырын дәйектеп берген. Атап айтсақ: ақын мұрасын танытудағы тарихилықтың  кезеңдік ерекшелігіне байланысты әр түрлі пайымдар мен М.О. Әуезов қалыптастырған Абайдың ақындық мектебі ғылыми тұжырымын оқыту ерекшелігі мәселесіне жіті назар аударылуы; сонымен бірге ақын шығармашылығын оқытуға байланысты жазылған ғылыми-әдістемелік зерттеулердегі ой-пікірлердің сараланып, ерекше деп саналғандарына заманға сай талдаулар жасалуы; абайтанудың теориялық негіздерін оқытудың басты бағыттардың анықталуы мақаланың өзектілігін негіздейді.  

253 45

Yazar Biyografileri

  • Айман Актанова, ЕНУ имени Л.Н.Гумилева

    филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Абай академиясы» ҒЗИ, Қазақстан Республикасы, Астана, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-0444-5336,  е-mail: aimanaktan71@gmail.com.

  • Жандос Әубәкір, Л.Н. Гумилев атындағы ЕНУ

    филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Абай академиясы» ҒЗИ, Қазақстан Республикасы, Астана, ORCID: https://orcid.org/0000-0003-1509-5287, е-mail: kokwe75@mail.ru.

Yayınlanmış

2026-03-30

Sayı

Bölüm

Методика преподавания языка и литературы

Nasıl Atıf Yapılır

АБАЙТАНУДЫҢ ӨЗЕКТІ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ. (2026). Вестник Университета Шакарима. Серия филология., 1(1 (5), 128-139. https://philological.vestnik.shakarim.kz/index.php/my/article/view/175

Benzer Makaleler

1-10 : 67

Bu makale için ayrıca gelişmiş bir benzerlik araması başlat yapabilirsiniz.