CORPUS-BASED LEARNING: ФИЛОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА МОДЕЛІ
DOI:
https://doi.org/10.53360/3080-3861-2026-1(5)-19Anahtar Kelimeler:
корпустық лингвистика, corpus-based learning, филологиялық білім беру, цифрлық гуманитаристика, коммуникативтік құзыреттілік, инновациялық модель.Öz
Қазіргі заманғы әлемдік үрдісте лексикалық дерекқор толық цифрландырылған жағдайда, тілді меңгеру әлдеқайда тиімді болады. Қазақ тілінің ұлттық корпусы – қазақ сөзінің цифрлық нұсқасы. Күн сайын сұраныс артып келе жатқан корпус тіл үйренушілер мен зерттеушілер үшін сенімді және тиімді лингвистикалық базаға айналды. Мақалада оқу корпусындағы лингвистикалық жүйені цифрлық форматқа бейімдеу, корпустың құрылымымен танысу, іздеу және талдау тапсырмаларын орындау, жалпылау және сипаттау әдістері қарастырылады. Корпустық лингвистиканың ғылыми-әдістемелік негіздері, қағидалары мен зерттеу тәсілдері олардың тілдік деректерді жүйелі талдауы ұсынылады. Сонымен қатар филологиялық білім беру үдерісінде корпустық әдістерді қолданудың инновациялық қырлары, теориялық және қолданбалы зерттеулерде жаңашылдыққа қалай ықпал еткенін көрсетеді. Зерттеу барысында қазақ тілінің лингвистикалық корпустарындағы грамматикалық белгілердің салыстырмалы талдауы жасалады.
Білім алушылардың корпустармен тиімді жұмыс істеуі үшін корпус сауаттылығын қалыптастырудың маңызы ерекше екені көрсетіледі. Осы мақсатта зерттеу корпустың құрылымымен танысу, іздеу және талдау тапсырмаларын орындау, шағын мәтіндік деректер негізінде ішкі корпустар құру, сондай-ақ корпустық деректерді пайдаланудың негізгі қағидаларын меңгеру кезеңдерін қамтиды. Талдауға негіз болған тілдік материалдар «Қазақ тілінің ұлттық корпусының кіші корпустар» базасынан алынды.
Қорытынды бөлімде корпустық зерттеулердің болашақ бағыттары мен оқу үрдісінде дамытуға қатысты ғылыми тұжырымдар мен әдістемелік ұсынымдар беріле отырып, бұл бағыттағы зерттеулерді әрі қарай тереңдету қажеттілігі атап өтілген.
İndir
Yayınlanmış
Sayı
Bölüm
Lisans
Telif Hakkı (c) 2026 Әйгерім Қуанышева- Каршыга Муканова (Yazar)

Bu çalışma Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License ile lisanslanmıştır.
Copyright presupposes the integrity and responsibility of each co-author who made a significant contribution to the writing of the article.
The author has the right to store his publications in an institutional or other repository of his choice, provided he provides the appropriate link to the journal’s website.