Қ.ШАЯХМЕТҰЛЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ: ЗАМАНАУИ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ САБАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕСІ

Yazarlar

  • Эльмира Самекбаева Шәкәрім университеті Yazar

DOI:

https://doi.org/10.53360/3080-387X-2026-1-2(6)-%25p

Anahtar Kelimeler:

сөзжасам, сөзөзгерім, дериватология, морфология, социопрагмалингвистика, этнос, лингвосоциум.

Öz

Бұл ғылыми мақала қазақ тіл білімінің көрнекті маманы, Қазақ Білім академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, КСРО ағарту ісінің үздігі,  филология ғылымдарының кандидаты, профессор Қинаят Шаяхметұлының зерттеулерін талдауға арналған. Ғалым қазақ тіл білімі, түркітану, жалпы тілтану және тіл мен әдебиетті оқыту әдістемесі салаларындағы іргелі зерттеулері арқылы ғылыми ортада кеңінен танылған. Мақалада ғалымның еңбектері жаңашылдығымен, тұжырымдамалық және әдіснамалық тереңдігімен ерекшеленіп, лингвистика энциклопедиясына елеулі үлес қосқаны атап өтіледі. Бұл зерттеулер сөзжасам және сөзөзгерім (дериватология, морфология) жүйелерінің өзара қатынасында теориялық және қолданбалы лингвистика, әлеуметтік тілтану, жалпы тіл білімі сияқты мәселелерді қамтиды.

Жұмыстың мақсаты – ғалымның тіл білімінің әртүрлі салаларындағы жетістіктерін негізге ала отырып, әлемдік және отандық тіл білімімен сабақтастығын дәлелдеу және олардың  даму үдерісін көрсету.

Мақаланың өзектілігі тілдік құбылыстар мен экстралингвистикалық үдерістерді талдаудағы заманауи пәнаралық тәсілдер тұрғысынан лингвистика саласындағы  зерттеу нәтижелерін сыни тұрғыдан бағалау мен жинақтау қажеттілігімен айқындалады. Қ.Шаяхметұлының заманауи тіл ғылымының қалыптасуына зор үлес қосқаны тұжырымдалады. Ол зерттеу аясын қазақ тіл білімінің грамматикалық ілімінен бастап, өзекті тілтаным,  этнотаным, сөзтаным  тәрізді үдерістерді зерделеуге дейін кеңейтті.

Ғалымның жарияланған еңбектері лингвистика құралдарын жаңа тәсілдермен толықтырып, аталған еңбектер зерттеу нысанының мазмұндық аясын кеңейткендігі жайлы қорытындылауға болады. Мақала соңында Қ.Шаяхметұлының өзіндік ғылыми ғылыми концепциясын қалыптастырған ерекше тілдік тұлға екені атап көрсетіледі.

0 0

Yazar Biyografisi

  • Эльмира Самекбаева, Шәкәрім университеті

    филология ғылымдарының кандидаты, доцент,   Шәкәрім университеті, Қазақстан Республикасы, Семей, е-mail: elmira5_66@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/ 0000-0003-0137-463X.

Yayınlanmış

2026-06-30

Nasıl Atıf Yapılır

Қ.ШАЯХМЕТҰЛЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ: ЗАМАНАУИ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ САБАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕСІ. (2026). Вестник Университета Шакарима. Серия филология., 1(2(6), 16-26. https://doi.org/10.53360/3080-387X-2026-1-2(6)-%p